ВЕРНУТЬСЯ

Мұхаммед пайғамбардың тірі кезінде бір пақыр адам жоқшылықтың салдарынан кәпір патшасына кіріптар болып, мың ділдә қарыз алып, соңынан алған қарызын қайтара алмай, борышына өзінің әйелі мен қызын кепілдікке тастап, не істерін білмей дағдарыпты. «Қой, тәуекел, Мұхаммед пайғамбарға барайын. Сол жарылқар, жәрдем етер» – деген тоқтамға келіп, жолға шығыпты.Мінеки, шықтым сапарғаКіргізе гөр, Алла, қатарға.Сабыр ете алмадымҮйде тыныш жатарға,Кәпір алды әйелім мен қызымдыКөңілім жаман бұзылдыҚайғының дәмін татарға.Қатты жолмен қашайын,Көрмесін кәпір ізімді,Иә, пірім, өзің жәрдем бер,Қараттым, міне, жүзімдіМединәдай шәһәрге.Тас қараңғы болды күнБасыма түсті мұндай түн,Бір мұсылман табылып,Басымды сатып, болсам құлҚара басым болар екен қанша пұл?Мың ділдә болды бермегімЫлажсыздан көнгенім,Қатыным мен қызымдыЕріксіз қолдан бергенім.Неше жыл бақтым ау қарап,Күніне таптым төрт шабақБасқа нәрсе көрмедімНеге алдым екен әуелдеКөтерме ақша – теңгені?Ей, Расулы, Мұхаммед,Алдыңа келіп еттім зар,Қиналып келген жайым бар:Кәпірге бермек қарызым барСізге айтар арызым бар.Баласына мұсылманЖел жағына панасың,Жау жағына қаласың,Пақыр менен міскінгеАлты емшекті анасың,Айта келдім, тақсыр, менКәпірдің салған жарасын,Қыз, қатыным айдап жүрКөпірдің арба-шанасын.Тақсыр-ау, сізге шағындымАлдыңа салып басымды.Құлақты мал менде жок,Туысқан аға-іні жок,Жау қолында жылағанҚыз, қатыннан жаман жоқ,Жауда қалған оларданЖүдә, менде хабар жок,Кереметін қолым тұтпаса,Қажетім сізден бітпесеБіз сияқты пақырғаБасқадан болар шара жоқ...Пақырдың сөзін тыңдаған Пайғамбар өзінің ең жақын серіктерінің, бірі Әзіреті Ғалиды қасына шақырып алып кеңесті. Пақырға жәрдемдесу керек екенін айтты. Сонда Әзіреті Ғали былай деді:– Бұндай қарызды өтерлік бізде ақша да, мал да жоқ. Сіз рұқсат берсеңіз, мен пақырға еріп кетейін. Не істерімді барғасын көрермін.Пайғамбар оған рұхсат етіп, батасын беріпті. Кәпір патшасының, мән-жайын сұрастырғанда, пақыр Әзірет Ғалиға мынаны айтады:– Бұл патшаның, қорқатын бір айдаһар жыланы бар, бөгей алмай жүрген бір үлкен дариясы бар, тағы басқа несі барын білмеймін.Мұны естіген Әзіреті Ғали жолда келе жатып пақырға былай депті:– Сен онда менің екі қолымды байлап апарып, базарға құл деп сат. Көп сұрамай-ақ бір мың ділдә дей сал. Мені сатып, қарызыңды қайырып беріп, қатының мен қызыңды кіріптарлықтан босат, ал мен құлдықтан құтылатын жолды өзім ойластырамын.Пақыр оны базарға апарып саудаға салып тұрып, былайша сайрайды:Уа, жиналған жамағат,Әкеліп тұрмын базарғаСатайын деп құлымды,Ылажсыздан әкелдімҚажет етіп пұлыңды,Қызмет етсе бұл қүлымСәтті етеді, тынымды.Қап-қара болған түсі бар,Маржандай аппақ тісі бар,Мың құлыңмен пара-парБір өзінің күші бар.Айтқан сөзім ып-ырас,Алғанға тиер бір мұрас,Тырнағының көлеміҮштен туған айдай бар,Әр саусағы бір құлаш.Кемелге келген жасы бар,Имек таудай басы бар,Ақшаң жетсе аларсың,Егер акшаң жетпесеАрманда болып қаларсың –Бір мың ділдә басы бар.Бүгін салам базарғаМұндай құлды таппайсың.Қай базарға барсаң да –Ақшаң болса алып қал.Бүгіннен соң қалмаймын,Жер бетінде базар көп –Ертең қайта салмаймын.Құлымның бәсі мың ділдә,Бір ділдә кем берсең де алмаймын...Мына хабарды естігеп жүрт базарда ондай көп ақша беріп, құлды сатып ала қоятын адамның шықпағанын көріп және құлдың келбетіне таң қалып, қала патшасына хабар жеткізіпті. Ол уәзірлерін жіберіп, пақыр мен Әзіреті Ғалиды сарайына әкелдіреді.Сонда патша алдына келген пақыр:–  Уа, тақсыр патшам,Не келед сенін ойыңа?Менің мына құлымдыАлып, сал жиын-тойыңа –Тамаша-қызық мұның ойыны.Қызметін көрген кісі таң қаладыБір ұрғанда оң қолына балға алыпМың батпандық темірің күл болады.Екі жұртты жау қыл десең жау қылад,Бұйрықсыз күн жаудыр десең жаудырадЛақтырып кесектейБір тауды бір тауға ұрад.Ашуланса бұл құлымАзу тісін егейді,Мың дұшпаннан бір өзіТіпті қорқам демейді,Сарқырап жатқан дарияныСәтке апармай бөгейді,Айдаһар жатқан жыландыШаян құрлы көрмейді,Айтсам адам нанғысызҚасиеті және бар —Қару тисе өлмейді...Мұндай қасиеттерін естіген патша көп саудаласпай, пақырға қазынадан сұраған мың ділдәсін санап алып, енді кеткелі тұрған пақыр Әзіреті Ғалимен қоштасып тұрып айтқан сөзі екен:Келген жерің жаман жер,Қайратыңды еттім кер,Көріскенше күн жақсы,Аршыланым, қолың бер.Аллаға жаның аманат,Көрмегейсің жаманат,Жүргейсің, қалқам, саламат,Шәһәрлі жерден шарапат,Расулы атаңныңДұғасынан шапағат.Мұсылман – кәпір ел емес,Басыңды салып базарға,Аршыланым, мен сеніКәпірге қылдым келемеш.Өзіңмен біріге өлейін,Мехнатыңды бірге көрейін,Сеңдей ерді азапқаТастап кету жол емес...Сонда, алған бағытынан қайтпайтын, қорқуды білмейтін өжет ер – Бар, енді жүре бер, әйелің мен қызынды босатып ал, ақшаңды төле, – депті. Пақыр Әзіреті Ғалиды айтқанына көндіре алмай, амалсыз қоштасып кете барыпты.Пақыр кеткесін, патша сатып алған құлды – Әзіреті Ғалиды алдына алдырып, оған үш түрлі шарт қояды:– Бір жауым бар – айдаһар, соны өлтіресің. Бір өткел бермей жатқан дариям бар, соны бөгейсің Содан кейін мұсылманның батыры Әзіреті Ғалиды ұстап, тірілей әкеліп бересің. Осы үш шартымды орындасаң құлдықтан азат боласың. Бұларды орындай алмасаң, өмір бойына құлдықта жүре бересің, – депті.Әзіреті Ғали алдыңғы екі шартын орындапты. Соңғы үшінші шаартын орындауға келгенде, патшадан қасына қырық палуанды ертуді сұрапты. Бұған патша келіседі. Патшаның палуандарын ертіп, батыр жолға шығыпты.Олар қаладан біраз ұзап шыққасын, қалың орман арасына келіп кіреді. Әзіреті Ғали кідіріп, қасына ерткен палуандарға: «Сендер осында тыныға тұрыңдар, мен қазір сәл бір жерге барып, қайтып келемін» – деп, оларды орман ішіне қалдырып, өзі бір ағып жатқан дарияның тасалау жеріне келіп, жуынып, бетіндегі бояуларын кетіріп тазарады да, қайтадан палуандарға келеді. Патшаның палуандары мұның өзгеріп кеткеніне таң қалып, әрі қорқьп, мұның мәнісін сұрапты. Сонда Әзіреті Ғали:– Патшаларыңның іздеген батыры менмін. Сендер менің екі қолымды артыма қайырып байлап, патшаға апарыңдар, ол сендерге сыйлық береді, – дейді.Палуандар Әзіреті Ғалидың айтқанын істеп, оның қолын артына байлап, патша сарайына алып келеді.Патша бұған қуанып, еліне жар салдырып, көптің көзінше мұсылманның батыры Әзіреті Ғалиды дарға асатынын хабарлап, жұртты орталық алаңға жинаттырады. Алаңның ортасына дар ағашын құрдырып, екі қолы артына байлаулы Әзіреті Ғалиды көп жендеттердің ортасында күзеттіріп, дар ағашына әкелдіреді.Жендеттер оны дарға асамыз деп дайындалып жатқанда, Әзіреті Ғали: «Ханнан-маннан» деп ақырып, жұлқынғанда, байлаулы қолдары жіптен босанып шығып, сексен алты кез биік мұнараның басына қарғып шығьш кетіпті. Жұрт не болғанын аңдамай, абыр-сабыр болып жатқанда Алладан бұйрық болып, Жебірейіл періште Әзіреті Ғалиға зұлпыхарын, дүлділін әкеліп беріпті.Дүлділіне қарғып мініп, қолына зұлпыхарын алған батыр сол жерде майдан ашып, патшаны біраз әскерімен бірге өлтіріп, қаласын ойрандап, елін бағындырып, мұсылмандыққа мойындатып, ауылына қайтыпты...