ВЕРНУТЬСЯ

Жаратқан Қадір жұмыласынКөп түрған екен түзетіп,Бұл заманды құрғалы,Ай менен Күнді шам етіпДүние жүзін нұрлады,Ібіліс шайтан бізбененӘуелден-ақ қас дейдіАтамыз Сафи тұрғалы,Одан бұрын ҚұдайғаҚұлшылық екен қылғаны.Хазіреті Нысан атаныҒибадат етіп тынбады,Ғаршыда сабақ үйретіпПеріштелер тыңдады,Сүйтіп жүрген замандаДәрежесі артылыпҮлкендік ойлап, тартыныпАдамға сәжде қылмады,Көкірек-көңіл кепкенненТәкаппарлық еткенненТауқанат тартып шырлады,Шайтан менен жыланныңҚосылысып сырларыАдам менен ҺауағаЖегізді бидай азғырып,Содан соң Алла жазғырыпАдам-ата, Һауа-анаЖәннәтта дәйім тұрмады,Бірінен бірі айрылыпҚосыла алмай үш жүз жылҚасірет-қайғы шырмады.Қапа болған бұрын даАлланың талай құлдары,Хазіреті ЖақыптыңАрыстан өңкей тұлғалыОн екі дейді ұлдары,Көкірек көңіл кепкенненБір күні шайтан азғырыпЕң кенжесі ЖүсіптіАтасынан айырыпАғалары ұрлады,Сүйтіп жүрген күндердеНарқы шығып арзанғаКеміген баға-пұлдары.Соларға ғапыл бұл жалғанБіздерге қалып тұрғаны.Расулы МұхаммедҮмбеті үшін зарланыпПида болған бір жаныӘуелден байқап қарасақ –Халқының жақсы құрбаны...... Қауіпті заман-уақыттаКөтеріп көңіл хошталыТабылса сөздің ырғағы,Заманнан заман кеміген,Айтпалы жауап беріден,Мұсылманды кәпірденМирасы екен қорғамақКеле жатқан бер қарайӘзіреті Ғали – шеріден.Дәуіттің ұлы СүлейменДүниеден көшерде«Адамға зақым етпе» депАнт алған жын мен періден.Байтақ жұрт басын баға алмасСасқан күн айла таба алмасАйрылса қорған – ерінен.Біз – Қазақ – Алшын – БайұлыПайдаланған халық едікСахыраның кең жерінен,Келе жатқан ел едікБостаншылық бұрынғыДүниенің кеңінен.Заманнан заман тарылыпБұрынғы дәурен қалыныпАдасқан халық жөнінен.Тобанияз халқыныңАқылға терең данасы,Дұшпаннан қорғар панасыӘліге дейін жүр едіЕсеп бермей елінен,Егескен дұшпан – кәпірдіңҰсталды дейді тілінен,Айыра көрме бір АллаБұрынғы қуат дінінен......Есітіп сондай хабардыБұқара жұрты болып тұрӘжептеуір хабарлы.Естігенде сыйындықБір Жаратқан АллағаБолмағай деп зарарлы,Әлдеқалай болад депЖатсақ ұйқы, оянсақОйымыздан қалмады,Сақтаса Тәңірім, зат емесНәмрудтың жаққан отынаЫбырайым халил жанбадыАңдыған дұшпан көп екенӘр тараптан аңдады,Жағаласып жаумененЖалғыз өзі АдайғаСалдырмап еді таңбаны,Билік еді аңдамайБасын байлап қауіпкеҚазақтың ұлын қамдады,Қараңғылық ішінеРеушен шамдай парлады,Елге зақым келер депТөңірекке көз салыпҚұралды жерге саз салыпТыным таппай шарлады,Аршылан ерім әрқалайІждәһат етіп, ар қылыпКүннен-күнге артылыпДәреже, бақыт орнады-ай,Тобекем хәкім болғалыЖүрген жоқ жұртын қорғамайБұл уақыттар болғандаБөгет түскен сықылдыАғындап құйған арнаға-ай.Алладан басқа пана жоқҚайғырғанмен шама жоқ,Қатты реніш болып тұрКөңілдің, сүйтіп, арманы-ай.Зейіндегі жел сөздіНе қылайын кідіртіпЖақсымыз үшін арнамай.Біреулер жүр осы күнҚаз орнында қарғадай.Әділ ханнан айырып,Залымдарға, ей Алла,Халқымның күнін салмағай?!Шошып тұр жұрттың жүрегіБолмас па екен, иншалла,Астана көптің тілегі?Тарыққан күні қолдағанӘулием Бекет – пір еді,Тобекем хәкім болғалыАянбай сөйлеп алқадаҚол салдырмай қолқағаҚоластын қорғап жүр еді,Қатын-бала қамы үшін,Астана жұрттың ары үшінАлысты көппен бір өзі,Сахырадағы қазаққаБұрын-соңды бітпегенДәрежесі ірі еді,Ақырында құтылыпПайғамбар Жүсіп МысырдаЗынданнан шығып тақ міндіБалқыған нұрдай іреңі,Қырық жыл жылап, еңірепАтасы Жақып жүр еді.Туылған асыл анаданНәсілі нұрдан жаралғанЗынданда болған тұтқыннынРасулы Ғайса бірі еді –Христиан діннің тіреуі,Мәриям үлы ҒайсаныңАлты жүз жыл артынанНұрын шашқан әлемгеРасулы МұхаммедМұсылманның тірегі.Күндеген дұшпан көп екенНиетін біліп аңғарыпСүрінген күні аңдадық,Хабарларға әуелгіЖалған ба деп нанбадық.Аршылан елім жабықтыҚарғаймын деп халықты,Қайрат еткен қамданыпОрынборда кідіріпХалқы үшін туған асыл ерЖетімдік көріп налыпты.Тобекемді хан сайлапБіз шаруа баққан жұрт едікСахырада жүрген мал бағыпНадандыққа алданыпСалтанат құрған жан бағып,Кетпесе игі ед жұртымнанНәсібе, бақыт айналып...Өзгерді заман-дүниеБұрынғы әдет-заң қалып,Бұлағай заман болып тұрШошынған адам таң қалып,Дегенменен, әлі деЕшнәрсе етпес, иншалла,Әулие-шайхы ер БекетШамырқанса шамданып.Тоқталғанға ұқсайдыТолы жұрттың баласыҚырғынды қазан қайнаған,Қауіпті күні дұшпанғаҚаруың еді қайраған,Қамыңды соғып алқадаШешенің еді сайраған,Дулы жерде қосатынЖүйрігің еді сайлаған,Еңіреген ел едіЕлін қорғап, сөз сөйлепБет алған жақтан таймаған.Орынборда кеңседеЖетпіс екі түйіндіӘңгіме-сөзбен байлаған.Самсап жүрген сан АдайАйбарлы туың жығылыпҚалмаса игі ед пайдадан?!Біз шаруа баққан жұрт едікЫңыранып дәулет айдаған,Маңғыстаудың саласынҚыстыгүні мекендеп,Жаздың күні болғандаСарыарқаны жайлаған.Одан басқа өнер жоқ –Бос қалған амал-айладан.Не қылар дейсің әлі деПірлері сүйеп қолдаса,Мезгілсіз бағың таймайдыШынымен бақыт орнаса.Бір асылдай болмайдыЖаманның бәрін жинаса.Хәкімнің әділ болмағы –Алдырмай жұртын қорғасаБилігін  тура жолдаса.Ақылға терең, білімдіҚорғайтын ерің сүріндіХалықтан қайрат кеткендеЗалымдар зәбір еткенде,Тарыққан күні халықтыШығарып еді тепсеңге,Әр себеп айтып кәпіргеБірталай жұртын сақтадыӘртүрлі айла-еппен де.Қиындық түсіп басынаБармай жүр бір жан қасынаЕлі үшін азап шеккенде.Есітіп сондай хабардыСыйынып тұрмыз, бір Алла,Әулие-шайхы, өткенге.Зор дәреже құлданғанЖүйрігің еді жолды алғанАршындап сапар шеккенде,Бірқатар жігіт тым білгішҮйде отырып кепкенде,Өткірің бар ма, толы жұртОдан артық шет жерге?Астана байтақ халықтың.Қамы үшін туған ер едіТаптырмайтын ексең де,Қайғырды дейді біз түгілМеңдешев, Әліби, Бақытжан –Солардай асыл бектер де.Ойлаған түрлі қиял көпТимесін елге зиян депБұрынғының еріндейҚатын-бала қамы үшінҚайрат еткен шегінбей,Халқы үшін еткен еңбегіҚалған жоқ жұртқа көрінбей,Биік еді дүшпанғаАсқар таудың өріндей,Аржағы Қонай, БегештенҚорғасындай салмағыКеле жатқан жеңілмей,Елге пайда етем депӨзінен үлкен ұлыққаСөз айтқан шығар шегінбейКөңілмен ойлап біз тұрмыз –Сол себепті ұлықсатҚалынған болар берілмейБайұлы, Табын – баршасыТілектес болып жүр едіАуызын бірлеп, бөлінбей.Сақтамаса бір Алла,Екпіні күшті көпірдіңАждһаның лебіндей.Уайым етіп айтамын,Болмаса игі ед бұрынғыЕдіге батыр тоздырғанТоқтамыс ханның еліндеАдай деген халық едікПақырларға пайдалыКөкорай шалғын егіндей,Келе жатқан қашаннанНәсібе тасып төгілмей.Адыра қалған бұл қонысӘлденеше елдерден,Ноғайлық батыр – ерлерден,Алты жұрт көшкен бұл жерденАдай халқы келгеннен.Алақыр, Арқа, МаңғыстауМекен еткен жерлерден,Тарыққан күні сыйынсаӘулием Бекет жебеген,Келе жатыр айнымайБір Алла бақыт бергенненБұ заманның шағындаТобекем әділ хан еді.Тергесе тентек жөнделгенАзды көпке теңгерген,Қазақ пен орыс ісінеТаң қалып еді көргеннен,Шешенім еді заманғаАқылын айтып әріденТерезесі тең келген,Кіріптарлық тұтқындаЕстіп тұрмыз қалды деп,Тарыққан жерде талайғаБір Құдай өзі дем берген.Дәйім емес өтірік –Патшалық құрған үш жүз жылРомандар да жоқ болдыӘртүрлі жұртты меңгерген.Сермегенде жер жүзінШығармаған шеңгелден.Асып кеткенге ұқсайдыНе керемет болар депАнглия, Германнан.Толықсыған көпестерБасынан бағы ауған күнБолды босып сергелдең,Біреулер малдан айрылып,Біреулер жаннан айрылып,Жерінен қашып бұл кеттіТолстов деген бір хәкім –Басында бағы тұрғандаЖандарал еді гүрлегенБұ да кетті шығыныпАтасына қайтаданБір кеткен соң қосылмай,Күн туар деп ойлап па едОтыз мыңдай әскердіңТұрғанында басыңда-ай?Былайғысын қырдырыпЖүздейі қалды қасында-ай,Сонда да кетгі сол бір жанБольшевикке бас ұрмай,Содан соң жаңа үкімет –Советтің жолы ашылды-ай,Коммунист елді аралапБерекетін жұрттың қашырды-айЗамандар болып осындайКелген жандар жан-жактанОрын тисе есіктенІлгері аяқ баспайтын –Не жамаңдар тасулы-ай,Дерек тиіп қатынғаЕркектен қайрат қашулы-ай.Көрмеген зәкүн-заң болдыАдасқан құлан шаң болды,Таршылық түсіп басынаТарыққан талай жан болды,Сол себепті ТобекемҚимылдап еді қайратпенЕлімді жауға бермен, – депАлдырман есеп елден, – депҚара жолын қазақтыңКүшім кетпей бермен» – депОсындай еткен қайратынӨтірік емес – көрген көп.Ойласақ оңай іс емесЕр жігіттің басынаҚырық үйді меңгермек.Халқының қамын ойлағанБұрын да өткен ерлер көп,Асан би деп айтадыОйлаған ақын кеңнен деп,Жер жүзін барлап кезген депБайтақ жұртын бастаптыКеткен екен серт етіпЕнді қайтып қалман деп,Шеркүпті деген бір ноғайҚалған екен «ермен» деп,Ноғайлық ақын ҚазтуғанОл-дағы жұртын жинады«Бұ қонысқа сенбең» – депБұрынға қарттар айтады:«Кетіп еді алты жұртОсы қоныс-жерден» деп.Айнала дұшпан торласаЕр көңілі желденбек,ер көңілі желденсеӘулие-шайхы тебіренбекСаһабаға СалоллаАйтқан екен: «КәпіргеДін қылышын сермең» деп.Қайсыбірін айтайын –Атамыз Сафи жаралыпДүрегеннен бер қарайӨніп-өскен өрген көп,Күнде базар құрылыпӨне бой тұрмас тірілік,Мәләкүл-мауыт жетіссеБарша жан көшіп жерленбек,Келе жатыр осылайЖаралғалы жер мен көк,Ғайып болып істеріТалай жандар жоқ болдыҚара жерді мекендеп.Басшысынан айырылыпБайтақ Алаш адассаАйла таппай сенделмек.Ұзарта бермей қояйынБұл жауаптың тамамын,Уайым ойға кіріп жүрБолғасын қытаң заманым,Абыройлы күніндеАтанды жүйрік шабаным,Сақтамаса бір ҚұдайТарылтты жұрттың табанын,Тастатты кәсіп-талабынҚонысынан аудардыБірқатар жұрттың табанын.Береке дұға дарығанМаңғыстаудың бойы едіУәлилер басқан қадамын,Тілектес болса тигізбесДұшпанның бізге залалын.Біле алмай тұрмыз не екенінКейінгі туған баланың,Ойлағанмен уайымЖазмыштан озмыш жоқ дейдіӘуелден-ақ АлланыңТартулы Лаухы-қаламы.1929 жыл