ВЕРНУТЬСЯ

(Иса іленбайұлының балаларына айтқаны) Жолдас көріп сенбеңіз –Дүние фәни – жалған-ды,Мысалына қарасаңАжал деген аждаһаБасынан бағы тайған күнЖалмаған талай жандарды,Пайғамбарлар тәрік болғанБилеген байтақ шәрлерді,Кемеңгер кеңес би де өткенСөз сөйлеген пәрменді.Сары-ала сауыт киінгенСүңгісі жауға шүйілгенБатырлар өткен қаһарлы,Сан пайғамбар, саһаба,Әулие, шайхы, пір де өткенКүзеткен түн мен сәһәрді.Баяны жоқ, байқасаң,Дүние жалған осындай,Бәйгілі жерде жүйрікпін –Жерім жоқ қалған қосылмай.Дәреже, бақыт келтірерТірлікте көңіл хошыңды-ай,Көңілің болар шаттықтаЖүрегің жүрсе шошынбай,Ақылың жүрсе шашылмай.Уайым кірсе ойыңаҚаңғыртар қайғы басыңды-ай.Назарыңды қайтармасБұйымың түссе асылға-ай.Өткірліктің белгісіОйына алған жауабынОртаға салған жасырмай.Расын тауып сөйлейінӨтірік айтып асырмай......Бес арыс Жанбоз болғалыАуыл едің әруақтыДұшпаның жүрген басынбай,Жеті атаңнан бері қарайТалабың өрлеп тасулы-ай.Кемелхан мырза, Нұрберген,Хош көрсеңіз, мырзаларМақтайын деп мен келдім –Сыбаға сөзің бізде барАйтылмай жүрген санамда-ай,Қор қылмайтын сөзімдіБілімсіз туған жаманға-ай,Белгілі берен тұқымсыңДұшпанын салған табанға-ай,Жүйрікті едің баптаулыБайрақты жерде шабарға-ай,Ер талабы жөнделерАбырой, бақыт табарда-ай.Атаң бір өткен ИсекеңБәсі бар кімнің оларға-ай,Әруақты өткен ер екенТартынбай шапқан қамалға-ай,Алты Алаштың баласыКәпірменен жауығыпАйрылған күні арасы,Қазақ пен Ноғай, Сейілхан –Білінген жұрттың шамасы.Исекеме ол күндеАбырой менен атаққаБолыпты кімнің таласы?Тай келген жоқ тұсындаАлты Алаштың баласы,Әліге дейін біткен жоқДұшпанға салған жарасы,Желіккен күні кәрленіпРесейдің бүлінгенҚамалы менен қаласы,Бұл заманға теңі жоқ –Шаһимәрдан ҒалидыңСалып кеткен жолы депДін қылышын сермегенТайынбай еткен серті екен,Мұсылманның баласынБермеймін деп еркімменЕгескен күні дұшпанныңҚорғанын бұзды беркінген,Қырық сабазын қалдырмайРеукендей оязынӨз қолымен өлтірген,Дұшпаны, сүйтіп, мертілген.Қырық жыл хәкім-хан болдыЖері жоқ одан кетілген,Ойына алған істерінОрнына талай келтірген,Алқа құрған шаршыдаОзса Адай, қалса МұңалдыңЖүйрігі еді желпінген.Байрақ алып әр жерденКейіген күні кек алдыТалай мықты-нәндерден,Дұшпанын жеңді кәрлеген.Туғаннан Иса атанып,Байұлы халқы хан көрген,Кемеңгер еді кеңескеАрыдан айтып шен берген,Ісі бар үлкен белгіліЕте алмас пенде ендігіҚырымнан шыққан ер ТарғынСолардан жоқ-ты кемдігі,Қақпасын бұзып, қала өртепОсал ма қалған ерлігі?Өз қолымен өлтірдіПагондыны – шендіні,Бақытына өлшеу жоқПатшылықта болыптыМархабат еткен кеңдігі.Құдай артық жаратқанМұңал деген қашаннанАуылым едің белгілі.Егессе бізбен дұшпанныңАлусыз кетті теңдігі.Зейіні зерек шешенмінАуызым жүйрік тілділі,Жанбоздан шыққан жақсыларБоранқұл, Иса, Құлабай –Қатар жүрген БайұлыКеткен жоқ ақыл сұрамай,Хабарына бұлардыңАлаштың қанған құлағы-ай,Беттескен күні соларданҚирады дұшпан шыдамай.Иса мен Досан бірігіпКәпірге салды бұлағай,Абырой тапқан ерлерім,Көтерген туы құлады-ай,Кетерін білмей қай жаққаСол күнде сасқан бұл Адай,Жау болған күні шабысып,Дос болған күні табысыпПатшаменен артынанКелісім болған сірәдай.Ішімнен жауап ойлансамКөңілге қалмас ұнамай,Кемелхан мырза, НұрбергенПарасатты балдарсыңӘрбір үлгі түр көрген.Атаның жолын ұстар депҮмітті халқың сіздерден,Орын едің әруақтыЗамана болдың түрленген.Көлеңкең көптің аясы,Шарапаттсың гүлденген,Ел қорғаны едіңдерПанаңда пақыр күн көрген,Дүниеде қанша толғанмен.Өтпейді дәурен кімдермен?.....Әруақты атаң бар едіКелмеген дұшпан маңына,Айқайлы жерде ат салғанМұңалдың талай арына,Қазақ түгіл сыйлағанҚалалы жұрттың ханы да.Байұлының баласыБолып па еді таласыИсекемнің бағына?Жүйріктерін сүзілтіпТалайын салған бабына,Батырлық, билік, ақындықНеше түрлі өнердіңІстеді бәрін тағы да,Тірлікте еткен ісініңЖете алмай айтсам санына.Қастасқан ханды өлтіріпТұрғызбаған тағына,Ерлігі солар секілдіҚарт Нәрік пен Едіге –Ноғайлық өткен арыда.Кешегі күні кәпіргеҚастасып қайрат еткенде,Қатерлі солар шеккендеДосан екен АдайдаЖараған қатар – парына,Алқа құрған ордадаЖүлдесі жоқ-ты алмаған,Егескен күні табанғаДұшпаны жоқ-ты салмаған,Қалалы жұртта қазақ жоқХабарына қанбаған,Өтірік деп айта алмасЗейін қойып аңдаған,Әруағы таудай бар еді,Әділдік сүрген хан едіБұқара жұртын қамдаған,Дүние, бірақ, баянсызКімдерден фәни қалмаған?......Осылай деп ойланыпБаян еттім азырақИсекемдей қартымнан,Неге айтпайын жауаптыКөңілде сайрап бар тұрған?Кешегі бір күндердеЕрлерім де бар едіЕрлікке көңілі талпынған,Дұшпаннан күші артылған,Әулие-пірім бар едіЖәрдем сұрап сасқандаСыйынған жандар алықынған,Билерім де бар едіСахилыққа талпынған,Соның бәрі табылғанҚайырлы жұрт халқымнан.Зейінде желсөз тұрғандаЕр әруағын асырмайБойымды бұлдап тартынбан.Кемелхан мырза, НұрбергенАрзу едім сіздерменМәжілістеп қайтарға-ай,Жорғалығым білінбесОсындай жерде тайпалмай,Өнебойы бұл дәуренБаста тұрмас шайқалмай,Осы күнгі қатардаАдаммын деген жігіттіңЖүргені жоқ байқалмай,Шабатын жүйрік сендерсіңАр болған күн айқайға-ай.Атаға тартқан білімдіЖүйріктер едің дүбірліЖарыссаң бәйгі бермейтін,Байұлының баласыБастарыңды қашананОсал деп олқы көрмейтін,Бірліктерің бар едіЕргессең ешкімніңҚорлығына көнбейтін,Мирастарың қашаннанАлжасқан дұшпан меңдейтінАлысып сізді жеңбейтін,Атадан туған жаман көпҚолынан еш зат келмейтін.Бес Жанбоздың баласы,Байлар да шықты ішіңненІріге қолын сермейтін,Әкім де болды ішіңненБасқарып халқын тергейтін,Билер де шықты тілділіКеңес айтып үлгіліАдасқандарды жөндейтін.Шайырлықтың белгісіАжарлап сөзін өңдейтін.Қашаннан бері жұртыңаІстерің жоқ-ты жақпаған,Ар болған күні ат салыпЖерлері жоқ-ты шаппаған.Атаң бір өткен ИсекемДұшпаны жоқ-ты атпаған,Талай жерде тілдесіпҚазақ түгіл орыстыңӨкілдері тоқтаған,Мұңал деп бірі айтпайын –Келінберді – АдайдыңБайрақты жерде қосатынЖүйрігі еді баптаған.Жарасар жалғыз АллағаҰлылығын мақтаған,Бәріміз де пендеміз,Көп шығар еткен күнәміз,Кешіре гөр, Құдайым,Он сегіз мың ғаламдыПанайыңда сақтаған.