ВЕРНУТЬСЯ

Тиісті жерге келген соңЗейінге желсөз енген соңОтырмалы тоқталыпТалай жерде жиналдыҮстіме көптер топталып,Әшкертелі желсөздіКелгеннен соң оқталып,Жақсылар бар әр жердеАтағын білген көп халық,Бойға біткен өнерменҚызыл тілмен шеберлепӘркімді сөзбен мақтадықРет-ретімен ерлердіңТалайы көшті ғаламнанЖұмыстарын атқарып.Алшыннан бері өрбігенҮш ана – қазақ баласыСахыраны жайлады,Өсіріп дәулет айдады,Шаруа-надан халық едікҒылым мен білім әртүрліҮйренбеген айланы.Байұлыдан бөлінгенАдай деген ел едікКем болмаған дұшпанғаӘруақ пенен айбары,Ноқтасыз бастың күніндеЕрлер шығып ішіненҚаруын жауға қайрады,Шешендер шығып ішіненБұлбұлдай тілі сайрады.Ауысқан малы әр елгеЕл едік артық пайдалы,Келінберді, Құдайке –Өсіп, өнген ауыл едікЕдәуір аудан-аймағы,Абыройменен келедіОрнаған бақыт үстіненӘліге дейін таймады.Құдайкенің баласыАлты арыс Қосай болғандаБайбол еді сауырыӘруаққа артық ауыры,Жаугершілік күніндеЕрлер шықты ішіненАтағозы, Есектей,Егескенде кеткен жоқӘруағын көрсетпей.Жүрген жерін жүн қылды,Дұшпанын женшіп ұн қылды,Ұстасқандарды уатыпНазарын жаман сындырды.Бұл жер жатқан жағалайАйладырдың жері еді,Басқаратұғын патша жоқ,Ықтияр – еркі өзіндеШетінен хан мен бек еді,Жез айыр алмас асынғанДұшпаннан күшін асырғанІштері толған ер еді,Айқайлап ұран шақырғанҚамалған нардай бақырғанАтағозы батырданТүрікпеннің босқан себебі,Кең қонысқа кенеліпБіздің Адай мекендепСодан бері келеді.Мәмбетқұлдың ішіндеЖүйріктер шықты жұлқынғанЖауды көрсе ұрынған,Төрт Шалбардың баласыБасшы болдың халыққаБүгіндер емес, бұрыннан,Заң-зәкүнге жетілгенБілгіштері көп болдыӨнер алған ғылымнанӨтірік деп, өсек депМін таппас халқым мұнымнан.Мәмбетқұлдың баласыТоқпамбет пен ТоқтамысАуыл еді тең өскен,Тұқымы дүреп көп өскенЕрлер шығып ішіненДұшпанымен егескен,Қайратын сынап шенескен.Білгірлері көп болдыҚалмаған құрал-кеңестен.Тоқтамысқа тұсындаӘруақ қонып, бата алғанТастамай халық қатардан,Қасиетті жақсы екенҚол жайдырып бата алған,Жөнделген екен талабыБата алып талай шат алған.Тоқтамыстың ақтығыӨгіз батыр болыпты –Әруаққа о да толыпты,Пайдасы тиген елінеБаспаған дұшпан шеніне,Ноғайлының халқындаОрақ пен Мамай, Едіге,Қарасаң сұрап, соларданБолмаған екен кемі де,Ойран салған тұсындаҚалмақты құрған шебіне,Бұ тұқымнан шығулыҚайраты бар жігіттерКелтірген ісін жеріне.Әшкертуді ісіңдіСыдиық інім жүр едіңЖыршының келмей кезіне,Зейінің қойып құлақ салШайырыңның айтқан сөзіне.Қайратыңды айтуғаАрзу болып жүр едім,Бұқараны қамдағанАйтулы ердің бірі едің,Аласа емес ар жағың –Асқар таудай ірі едіңЕр тұқымсың ежелденАйнымайтұғын жүрегің.Кешегі бір күндердеХалық адасқан түндердеТай болдың көппен бір өзің,Үкімет ісін жүргізіпЖұрт қисығын түзедің.Жігітсің артық табында-ай,Атағың шыққан заманға-ай,Адасқан күні алдыңдаКедей менен жалшы баласыАқыл сұрап қамалды-ай,Жөн сілтедің наданға-ай,Ерлік пенен биліктіңЕкеуін қабат жұмсадың –Жерің жоқ қалған шаба алмайӨгіз батыр арғы атаңШапқан екен қамалға-ай,Қасарғанда қайтқан жоқ екенҚастасқан жерден қан алмай,Ер тұқымсың ежелденЖау жыртпаған жағаңды-айТөрт Шалбардың баласыДұшпаныңа сыр беріпАлдырған жоқсың шамаңды-ай,Асыл жандар дүрегенАуыл едің адамды-ай,Алқалы жерде әшкерттіАйтылсын деп ЖұбаевАрналды бір сөз сағанда-айОн жетінші жылындаКөтеріліс замандаЖангелдінің баласыӘлбимен бір кетіпХалық үшін бастың қадамды-ай«Большевик біздің алад, – депПатша тақтан қалад» – депКелесі жылы АдайғаӘшкерттің келіп хабарды-ай.Ол күндерде бәрі жау –Бұ жақтың көбі меньшевик,Қайтадан кеттің тұра алмай,Орнығып көңілің тына алмай.Железнов жандарал«Жұбайдың ұлын ұста» – депФорттан әскер шығарды-ай,Қолға түссең ол күндеАтады екен табанда-айКешірмейді екен күнәңді-ай.Меньшевиктен сен қашыпТілектес болып біз қалдықЕшбір жәрдем қыла алмай.Жаман қайық мінгенің,Азығың жоқ, ашығыпДария-шалқар тұңғиықКөк теңіздің ішіндеТоғыз күн жүрдің шыға алмай.Ер дұшпаны мұқалмасТәуекел етіп сыбаңды-ай,Таршылық талай күн болдыҚу адасқан тұмандай,Меньшевик пен большевик –Болғаннан соң екі жақБіз ақылдан айырылыпКетеміз деп қай жаққаАң-таң болдық біле алмай.Он жетінші жылындаРесей жұрты қозғалған,Не жандарал, көпестерҮйірінен айырылыпКөп болды талай тозған жан,Сол күндерде біздергеБолған жоқ сенен озған жан,Өзіңнен талай сөз қалған –Бастадың байтақ халықтыАдасқандарға жөн сілтепКөрсеттің түзу бағытты.Белгілі биік арғы атаңҚай күннен бері орнаған.Орныққанша үкіметКөзі соқыр халықтыңКөбі жүрді нанықпай,Уайым етіп жалпы жұртҚайтерін білмей жабықты-ай.Қайратыңа сөз бар ма –Қараңғыда жүргендіШығардың талай жарыққа-ай,Орындардан тиістіБөгелген жоқсың кідіріпӘңгімеңді ағытпай.Жиналысқан жер болсаӘңгімеден қалмадың,Орнарын нұрлы заманныңӘуелден біліп аңдадың,Үкіметтің жеңерінЗейінің жетіп шамдадыңҚысылған күні халқыңдыДұшпанға бермей қамдадың,Ел қамында жүргендеЖау болды толған жан-жағың.Ерлік етіп ел үшінТәуекел істен таймадың,Ойласам, осал болған жоқБір пендеден салмағың.Істеріңді осындайАйтпадым деп көңілімдеЖүр еді көптен арманым.Он атаңнан орныққанАумайтын баста бар бағың,Расынан кетейін –Айтпайын сөздің жалғанын.Жиналыс болды құралыпЖұрт білгірі сыналып,Аударылыс замандаТалай алқа-әңгімеМәжіліс құрды бұ халық,Тартынбай кейін сол жердеҚамын ойлап халқыңныңОртаға шықтың сыбаныпЕл пайдасын сұранып,Тарылғанның талайынЖібердің кезге шығарып,Қатарыңмен салғандаЖүйрік ең озған сыналып,Жүрген жоқсың жүлде алмайБайрақтан жүрсің құр қалмай,Түсіп жүрсің алқағаМәжіліс халық құрғанда –Қалған жоқ сөзің тыңдалмай.Сасқандарға жөн сілтепАқыл айттың бұлданбай,Ойға алғанды істедіңЕшкімге қайрат құлданбай,Қауіпті талай жерлерденШығып едің шырмалмай.Азамат ерсің шалымды-айДұшпанға суық ызғарлы-ай,Егескен күні ешкімгеКегің жоқ кеткен алынбай,Жүйрігісің халықтыңБайраққа қосқан ағынды-ай.Алқалы жерде шешенсіңСөз сөйлеген жаңылмай,Ұстап жүрсің тұтыныпАтамұра бағынды-ай.Әркімнен білік қашқандаАйла таппай сасқандаХалықтың жүрдің қамында-ай,Жиырма жеті болыстыңРевком болып үстіненАдай түгіл, басқардыңБайұлы, Әлім, Табынды-ай.Қалам алып хат жазсаңӘрбір түрлі білімніңАбзалы сенен табылды-ай,Үкімет ісін басқарыпҚызметіңді атқарыпІждәһат етіп келесіңМекеме-кеңсең жабылмай.Қолы шапа сахисыңЖомарттық еткен тарылмай,Нағашың Беріш-ИсатайХан Жәңгірмен қас болыпБатырлық құрған Нарында-айҚалмадың кеңес-құралдан,Білгірісің халықтыңАдасқан ақыл сұраған,Англия, Толстов,Врангель мен Деникин –Жасқанған жоқсың бұлардан.Жәрдемің тиген жақсы едіңҚысылған күні халқыңныңЖау жағында сыбанған.Кеңшілік, жайлы замандаБұқара жұрттың толығып,Ойлағаның болыныпМақсатың бітіп бір шықтыңАқырында құмардан.Тастайын сөздің тамамын –Азамат ерсің Жұбаев,Халыққа еткен ісіңдіШетінен тауысып шыға алмаң.1920 жыл