ВЕРНУТЬСЯ

Жаралғалы көп болдыДүние-фәни бұл жалған.Түбіне соның жетем депҚызықтап кімдер қумаған?Тірлікте жиған абыройАқырда иман болмасаТуғаннан жақсы тумаған.Неше бір патша өткен жоқӘтірәт қолы дулаған,Зеңбірек оғы зулаған.Нешелер шайхы өткен жоқШәкірті қойдай шулаған.Ай суретін көтеріпАқ мешітін тулаған.Неше бір билер өткен жоқШежіре-шешен зулаған,Әңгіме-сөзі күмістейСары алтынмен булаған.Нешелер батыр өткен жоқ.Дұшпанын көрсе тураған,Талай әділ хан да өткенАзын көпке теңгеріпТөресін айтқан турадан,Осылардай жандардыңҚарасаң байқап, баршасыҚара жердің астындаСүйегі шіріп қураған.Ескендір мен СүлейменПатшалардың басы еді,Сүлейменнің жүзігіСмағзам дұға жазылғанҚасиетті асыл тас еді.Нәмруд-Шадат пырғауынДіні арам – нас еді,Расулы пайғамбарАйтқанына әуелденКөнбеген, жаны қас еді,Кәпірліктен танбаған,Ыбырайым, МұсаныңАйтқанына нанбағанТолықсыған мас еді.Пырғауындай залымдыБатырған Нілге МұсаныңҚолындағы аса еді,Әуелден-ақ ӘзәзілНәмруд-Шадат патшаныңШыбын кіріп мыйынаСалды жаман күйіне –Болыпты қатты азары,Арпалысып, ақырыСодан тартты жазаны,Дұшпандық еткен әркімгеАлдынан шықты азабы,Ыбырайым, МұсаныңБеттескенде кәпірменШыдатпапты назары,Ақырында имансызТауыпты содан қазаны.Толыққан талай патшаныңСуыған сүйтіп базары.Шариғы Кәлем-ШәрифтеАлланың сүйген құлындайТаба алмайсың іздесеңАқиқат көңіл тазаны,Айта берсек арыданСөздер көп шырын-мазалы...... Дүреген Әнес-ЖабалданАлты Алаштың бірі едік.Кіші жүздің қазағыБытырап жүрген шашылып,Аяғына әр жұрттыңХалық едік жүрген басылып,Сахыраға мал жайып,Қалалы жұртқа қол жайыпКеле жатқан ел едікОсындай түрлі күймененБөлек-бөлек бөлініпБір-екі мыңдай үйменен,Бұндай ұлы хәкімдікБұрын-соң бізге тимеген.Ұтырын тауып кентті жұртЕркін алып билеген,Бүл күнде сізсіз қазақтыҚалалы жұртпен теңгеріпШылбырын тартып сүйрегенҚатарың жоқ тұсындаЖігітсің туған ілгері,Екі-үш жыл болды, ел үшінІждәһәт етіп жүргелі,Тек бүгіннен емес, қашаннанБіздің елдің бір кемі –Ақылы терең дананыңЖақсының бұлын білмеді.Маяның ұлы БәйменбетАлаштан озған тілді еді,Әңгіме-сөзі айтылғанХалқына формы-үлгі еді,Пайдасын айтып тұрғандаОған да жазым таптырып,Адайдың үркіп-бүлгені.Оныменен кете алмайҚайтадан келіп бас ұрдыОрысқа қарап күндері,Алалықтпен сол АлашҚай күнде аузын бірледі?!...Ішінен Бекет-пір шыққанБіз әруақты ел едікАдай деген іргелі,Қырық-елудей жыл болдыРоссия патшаныңҚоластына кіргелі,Айырықша басқаданАбыройы әлі бар –Алланың берген бір демі.Қанша жұрт болдық дегенменҚазақтың өзін басқарыпЖоқ екен хандық сүргені.«Хан тұрды» сізді дегендеҚуандық, көңіл шаттанып,Қайырлы болсын айтуғаАрзу боп келді көп халык.Ескендір мен Сүлеймен –Солардан мирас сіздергеҚалынған хандық-патшалықЕл едік сондай бақтылы –Бұл күндегі АдайдаЕр Қонайдың ақтығыТобанияз хан тұрыпҚазақтың ұлын тергеді,Қысылған күні қайратпенДұшпанға жұртын бермеді,Алладан қайтсын деп жүрмізЕл үшін еткен еңбегі.Ортаға басын салып жүрУайым жұртқа енгелі,Асырып айтты демеңіз –Үш аналы қазақтаБолған жоқ қатар-деңгелі,Баяны болса, ұстап тұрҚазина, байлық, хандықты-ай,Аршылан ерім әзір тұрДұшпаннан қорғап алдыртпай,Жиналысты жер болсаТолы жұрттың қамы үшінСөз айтқан қапы қалдыртпай.Ұраным «Адай» болғалыКеле жатқан ел едікШағылып тауы, шалдықпай.Біз болмасақ, өзгеніңКетіріп есін тандыртты-ай,Мекенінен аударыпӘркімдерді де қаңғыртты-ай,Малы түгіл адамыАлынып жатыр салғыртқа-ай,Заманасын қуырып,Ықтиярсыз қуылыпТалайлар түсті тарлыққа-ай,Абыройменен келеміз,Сақтай гөр, Алла, дұшпанныңЖағаға қолын салдыртпай......Алдыңа келдік, хәкім-хан,Тапқасын пайда ақылданБайтаққа патша-хан тұрыпҰстадың дерек, зәкүн-заң,Қараңғылык ішіндеАдасқан жолдан халық едікРеушен-жарық болдың шам,Әтірет жидың батырдан,Бұқара жидың мақұлданАлуан түрлі асыл сөзӨрнектеп тұрсың лебізбен.Дәрежең биік тұрғалыМұсылман үшін жер-жергеЖүргіздің хабар хат жолдапТобеке, хандық құрғалы.Бұл айтқан сөздің бәрі шынТолы жұрттың қамы үшінЖерің жоқ басып-кезбеген,Алты Алаш пен орыстаОсы күні адам жоқСізді танып сезбеген,Қамқорысыз халқыңныңАртық-кемін көздеген,Ісі қисық, тентектіТүзетіп тұрсыз тезбенен,Орынбор мен ОралдыңЖиналған күні білгіріБайладың буып сөзбенен,Жалған деп ешкім айта алмасҚайратыңды әртүрліТалайлар көрді көзбенен,Өлшеуі жоқ АлланыңЖаратқан артық, жанысын –Тірлігің, бөлек өзгеден,Бағасы қымбат сары алтынПарапар болмас жезбенен.Хандықтың құрып құралынӘтіретпен аттаныпҚырық мың үйді басқарыпЕкі мың үйдей қарағанБір болыстық болмасаМұндай ұлы дәрежеБұрын-соңды біздер таппадық.Кете, Табын, Таз, Беріш,Он тоғыз болыс АдайдыңҮлгердің ісін атқарып.Сен еңсесі биік ала шыңПана еткен пақыр саясың.Бақытын биік алатын,Басқармаққа сұраныпҚазағыңды айырдыңҚалалы жұртпен арасын.Бермей жүрсің азапқаМұсылманнын баласын.Адай түгіл қазақтаҚатарың жоқ дарасың.Ойласам, өзің өлшеусізАқылы терең данасың.Аршылан ерсін дұшпанғаАлдырмай жүрген шамасын.Баянымен болғай депТілегіңді тілеп жүрАртыңда халқың – қарашың.Жүрген жоқсың қай күндеӘңгіме-жауап бастамай,Жорғасың сүргін басқан-ай,Тартылмайтын таусылыпӨзенсің қайнар тасқан-ай,Әуелден-ақ пәш болдыДәрежеңнің асқаны-ай,Қанша болдық дегенменХан болғаны жоқ екенКөп болғанмен басқа Адай,Адай түгіл АлаштыңҚорғалап жүр панаңдаОсы күні сасқаны-ай,Хан-патшадай хәкімсіңӘлдісің күдер асқан-ай,Келе жатқан әріденҒаділдікті тастамай.Басқардың Адай Алшынды-ай,Дұшпаның аттап өте алмасАсқарсың биік аршынды-ай,Қараңғыдан қазақтыңЖүр еді басы аршылмай,Айырдың қайрат-күшпенен,Басқардың зәкүн-іспенен,Дәрежең биік хансың-ай.Арғы атаң батыр ҚонайданЖау кеткен жоқ жаншылмай,Найзасына шаншылмай,Озалдан қонған әруақБергесін Тәңірім, қалсын ба-ай,Келе жатқан орынсыңҚасиет-қайрат таусылмай,Байтаққа патша-хан тұрыпТеңгердің бай мен малсызды-ай,Қарастың жауыр-жалсызға-ай,Ғаділдікті тақсыр хан,Шығармаңыз жадыңнанКелетұғын ажал барБір күні жетіп бас салсаКететін қағып аңсызда-ай.Атаңнан туып өнгесінТалабың жоқ етпегенДүниеге келгесін,Алқадан тайқып таймадыңҚайратыңа сенгесін,Бұл күндегі дәрежеңБөкей менен Жәңгір хан –Солармен қатар тең келіпРесейден қазақтыңАйырдың жігін бөлгесін,Қанағат етіп халқың жүрҚайратыңды көргесін.Адай түгіл бүгіндеҚазаққа құрсау-шеңберсің,Халықты бақпақ хан тұрыпХәкімдік пен дәреже –Екеуі де ауыр іс,Алла қуат-дем берсін.Халқы үшін таққа мінем депТалай рет бұрын даМәжіліс құрған әр жердеӨңшең төре, кілең бек,Солардан кейін қалулыӘңгіме-кеңес талай кеп.Тайың жоқ жансың тұсыңда –Күннен күнге еселепШығардың жауап өнерлеп,Халқыңның жайы, жауабыЕнді өзіңе тірелмек.Жапа шектің жан қиыпҚамы үшін жұрттың жүрем депБайұлы, Табын, Жетіру –Үш ана қазақ бір тілдіҚоластыңа кірем деп,Жиырма жеті болыстыңБасқардың елін түгендеп,Халқың үшін қиындапБулаған алтын, күмістейСөйледің жауап іреңдеп,Ақылынан адастыЖүрген жандар білем деп,Ойлаған жоқсың тұсындаДұшпанға тізе бүгем деп.Бұрын да өткен жандар барДәрежелі хандар бар,Олар да кеткен байтақтанБұқара жұрты жай тапқан,Дүйімбаян, Шыңғысхан –Нәсілі нұрдан жаралған,Халқына әділ қарағанАуыз тимей парадан,Пақыр-міскін, бай мен бек,Жарлы, жалсыз, аз бен көпБәрін де бірдей санаған,Әз-Жәнібек ноғайлы,Орыстан шебер алдырыпАштарханды салдырыпКөрмеген қайыр қаладан,Ойыл, Қиыл, Қобда, ЕлекЖағалай жатқан саладан«Күндердің күні болғандаАлар, – деп, – кәпір жағадан»Еділ мен Нарын – арғы жақАсанқайғы, Қазтуған,Орақ пен Мамай, Телағыс.Ерлердің жортқан жері екенӘскерін ертіп аламан,Қырым мен Қырғыз жұртынанҚарсының ұлы ер Тарғын Қалмақты қуып ШағаннанТар қонысқа қамаған,Бөкей менен ЖәңгірдіІшкі Орда байтақ жұртХан көтеріп қалаған.Су менен нудан бос қалыпМекен еткен ел едікСахара-майдан даладан,Ол патша заманы бұлағайБіреуді біреу талаған.Николай тақтан ауған соңҚазақты бөліп бақпаққа,Жайшылығын таппаққаХансыз болған қарадан,Рахатын ізденіпӘлі күнге дұшпанғаАр бермей жүрсіз арадан.Былтыр сізді қайтты депХабар қылып айтты депСонда бір қатты қайғырдықАйрылдық деп қамқор-данадан,Қысылған күні жігіттіңСонда керек қайраты –Жайшылық күнде бәрі адам.Бұдан әрі асырыпМадиықтап, мақтай беругеСақтандым Алла-панадан.Расулы МұхаммедАлланың досты күткен сәтҚиямет-қайым болмаққаАспайды дейді ғалымдарМың бес жүз жыл шамадан,Әлі-Хазірет көшкеліМың үш жүз қырық жыл өткенҚаралғанда санадан.Алуан түрлі асыл сөзАғынды бұлақ қайнар көзАғытыла береді –Бөгейік енді сағадан.1918 жыл