ВЕРНУТЬСЯ

Май айының ішіндеМаңғыстаудан біз шығыпАман-сау келдік Оралға,Таныстық келіп бұған да,Патефон, мылтық кабаттапБайрақ алдық бұдан да,Облысымыз жасасын —Көтерді бізді жоғары,Жиырма бірдей ауданныңЖиналған екен бас қосыпӨнерпаз, өлеңші адамы,Еңбекші халық қарсы алыпБәрі де тыңдап қарады,Шамғұлмен қатар салғандаКүйлері болды шамалы,Салдырлатып кейбіреуДомбырасын сабады.Комиссия бастықтарСынағанда біздердіБіріншіге балады......Май айының үшіндеКиров клуб ішіндеҚұмардан шығып жырладымКелтірдім сөздің ырғағын.Хош алысты көпшілікШапалақ соғып құттықтапЖиналған адам мың жарым.Байрағын берді соңынан«Жоқ, — деді, — сөздің кемісі».Жиналған өнерпаздарғаСыйлығын атап берісті,Содан кейін біздерге«Москваға бар, — деді, —Айтыспен қатар барған соңӘндеріңді сал, — деді,Жырларыңды әшкертіпКүйлеріңді шал, — деді,Жоғарыда отырғанҮкімет пен партия,Бағалайтұғын заң» — деді...Оралдан жүрдік төрт адамҮскірік пойыз зырлады,Көрдік талай станса,Орман-тоғай, арнаны,Егін, ағаш, ағын суТеміржолдың жан-жағы,Мінгеніміз сар пойызШаршасын ба шалдығып —Шабысынан танбады,Мезгіл-мезгіл ақырыпШапқан сайын атылыпШұбалды түтін-шаңдары.Вагондары сайлы екенЖүрісі тыныш, жайлы екен —Үстіне мінген адамныңРахат тапты жандары...... Содан келдік Мәскеуге —Жүргенов бізді алмады            Өнері, жақсы біздерді            Жарысқа қатар салмады,            Домбырашы, әнші, ақынның,            Болмай қайтты арманы,            Батыс Қазақстанның            Шаба алмай қайтты тарланы,            Аузымызды ашырмай            Кері қайтарды Жүргенов —            «Оралдан келген қарт ақын            Жоқ, — деді, — бізге керегің»            Көрінбей қайтты өнерім,            Еңбекші елге арналған            Айтылмай қайтты өлеңім,            Айтылмаған себебін            Жүргеновтан көремін.            Бөліп тастау дұрыс па            Батыс Қазақстан көлемін?            Айналғанда Жүргенов            Өзінің етті дегенін,            Көрсетпеді біздерге            Жолбасшылық көмегін.            Қатты көзбен қарады —            Барған күні таныдық            Көңілдің бізден бөлегін.            Зәбір көрген өзімді,            Осы айтылған сөзімді            Ұлы орындар жоғарғы            Тексерер деп сенемін.1936 жыл