ВЕРНУТЬСЯ

Өлкемнің мынау аймағыБайлық қой, шіркін, таусылмасАлынбай жатқан қаймағы,Көмірден басқа бұл жердеБар деп жүр мұнай-майлары,Жоспарды артық беріп тұрЕңбектің әрбір айлары.Таушықта қалың көмірім,Еселеп еңбек өнімін,Жау қолына бермеспізҚастерлі туған өңірім.Каспийде балық молшылық,Тереңнен тартып аулардыМол тапсырсақ соншалықӘрқайсысы бір-бір оқЖайпап салар жауларды,Төңкеріп тастап тауларды.Инженерлер байлықтыңНе бір түрін баурады.Мыңғырған малым қырымда,Сенім мол менің жырымда,Талқан боп фашист қашадыШыным да осы сырым да.Боздақтар келер жеңіспенШаттыққа сонда енерміз,Жараңдар, еңбек етіндер,Уәдеге берген жетіңдер –Әлі-ақ жауды жеңерміз.1943 жыл