ВЕРНУТЬСЯ

Бірде Таушықта Есенжанов Бәшеннің үйіне белгілі халық ақындары Сәттіғүл мен Түмен түстенуге келеді. Ол үйге барғасын белгілі сыйлы адамдарға томсырайып үндемей отырудың ыңғайы жоқ. Бәшеннің аулында жоқ екенін естіген және жақында ғана Бәшеннің соғымға деп қара атын сойып алғанынан хабардар болса керек, екеуі үйге жақындағанда, Сәттіғұл Түменге:– Кенже келінге амандасуды мен өлеңмен бастайын, сен қоштап отырасың, – дейді. Түмен «жарайды» деп келісіпті.Сырттан ақындар үйге сәлем беріп кіріп келсе, Бәшеннің әйелі Кенже жалғыз өзі ұршық иіріп отыр екен. Қайнағаларын көріп, орнынан тұрып иіліп сәлем етеді де, төсегін салып қарсы алады. Сонда төрге озып отыра берген Сәтекең:       ІІІырағым, аманбысың, Кенже келін.       Өзіңді санамаймыз кемге, келін, –– деп шумақ өлеңнің басын бастап жібергенде, Түмен ақын да кідірместен іле жалғастырып кетіпті:       – Осы сөз айтылып ед, кеңде, келін,                    Білмейді-ау шалдар жайын өңге келін...Сәттіғұл:                   – Бәшенжан бозбалалық жасайд дейді,                   Егер де сыртқа кетсе сенбе, келін...Түмен:                   Айтқаны Сәтекемнің рас болса                   Жайыңа қарап жүрме сен де, келін...Сәттіғұл:                   – Шалдардың басы ауырып шөлдеп келді,                   Шайыңды жылдамырақ демде келін...Түмен:                   Шалдардың басы шайға жазылмаса                   Қара аттың қазысымен емде, келін...– деп аяқтапты.Бүкіл елі құрметтеп сыйлайтын ақын қарттардың мынадай жанды жадыратар әзіліне разы болған Кенже келін де қалтықсыз шұғыл қимылдап, шайын дайындап, қазанға қара аттың қазы-қартасы мен жал-жаясынан мол етіп салып, ақын қайнағаларының ойынан шыққан екен...