ВЕРНУТЬСЯ

Сәттіғұлдың аяқ артар көк атын ауылдық кеңестің төрағасы басқа біреуге алып береді. Көк атпен Сәтекең біраздан кейн кездессе, тұғыр көтерем болып қалған екен. Бұған шыдай алмаған ақын көк аттың атынан өзіне шағынған қылып арыз айттырып, сонан соң өзі оны жұбатып сөз шығарады. Сондағы көк аттың шағымы екен:Уа, Сәтеке, сенен кетіп көрдім қорлық,Істеді ауыл совет маған зорлық,Бір қызға «Көк жылқыдан түспе, – дедіОсыған білгеніңді істе» – деді.Тепкілеп, қыз мінеді күнде жайдақЖайылдырмай қояды және байлап.Тасына Қаратаудың ұрындырдыСол үшін жылап жүрмін зығыр қайнап.Уа, Сәтеке, қуат бітті, қалмады әлАзғындап, арықтадым, қалмады жалОбалым ауыл совет ағасынаСу ішпей, шөп тата алмай, сорлады хәл...Сондағы Сәттіғүл ақынның көк атын жұбатуы:Советтің көзқарасы болған қатты,Көк атым, жылағаның маған батты,Отың жеп, суыңды ішіп семіресің,Көрерсің, басың жас қой, талай затты...