ВЕРНУТЬСЯ

Қарғыс атқан өмірдеҚан жылаған өңірдеАмангелді батырдыңҚайраты бізге көрінді,Еңіреген ер еді,Қауіп етпеген дұшпаннанОйламаған өлімді.Абаттана ақырыпАламаны жапырыпАқ алмасын сілтесеЖаудың қаны төгілген,Ақ сүңгісін байлатсаАндысқан сұм дұшпаныКөбесінен сөгілген.Сұм патшаға қас болдыЕзілген есіл елінеТу көтеріп бас болдыАламанын құрып-ай,Жауын көрсе ұмтылдыБабына түскен қырандай,Қолына Қызыл ту алыпАқ алмасын суарыпҚайраттың шүйін шығарды-ай.Қан құстырған өмірдіңӘміріне көнбеді Ерегескен жауынаАянбай қару сермеді.Амангелді батырдыңТемірдей батып шеңгелі,Қастасқан жауы меңдеді.Амангелді батырымЖүрегінде халқыныңСақталады сансыз жылТарихта қалып еңбегі.