ВЕРНУТЬСЯ

Құтырған ұры фашизм,Күнбатыстан қол салдыБейбіт жатқан еліме,Гүлденген сәнді жеріме,Қазыналы қара алтынҚайнарлы-көзді кеніме,Опасыз ұры фашистерШығам деп шапты төріме.«Аламыз» деп, «көппіз» депҰмтылып еді екпіндеп —Назары жаман сынып жүр,Жапырып жауды майдандаЕрлерім Қызыл қырып жүр,Аңдамай басқан аяғынАуырмай өлед деген бар —Құтырынған ит фашистерАзайғанын әлінің,Енді ғана біліп жүр.Ерлерім ойран салып жүр,Талқандап өшін алып жүр.Батырларым білектіАуыздарын бір етті,Отан үшін жан қиыпТілекке қосты тілекті.Қаптаған жауға алдырмайЛенинград, МәскеудіКүндіз-түні күзетті.Қашырды жаудың қарасынБермеді Мәскеу мұрасын,Фашистерді қиратыпБатырлар жазды құлашын,Біздің алып, айбындыАрмияның алдындаАсқар таудай айбатқаФашистер қалай шыдасын!Немістің қалың әскеріАламыз деп келгендеЛенинград, МәскеугеҚара бұлттай төнгендеҚолбасшым дана СталинҚаһарланып, қайратпенКомандасын бергендеСоққы беріп көп қырды,Бірнеше жүз мың солдатынБіздің ерлер жоқ қылды.Зор шығынға ұшырапКейін қашты бышырапТұра алмай шыдап табаны –Құрыды жаудың амалы.Күлін көкке ұшырып,Қуалап айдап ысырып,Қайтадан алдық қайырыпӘлденеше қаланы.«Алпыс күнде алам» депЖанталасып қарады,Адамның жауы, қанқұмарГитлердің болмадыОйлаған жоспар-талабы,Халқынан тұрмыс-күй кетті,Иіріп айдап қырдырыпСолдаттарын да сиретті,Осы күн халі шамалы.Сталинградтай қаланыҮш жарым ай қамады,Жүз мыңдайы қырылыпБізге түсті тұтқынғаҮш жүз мыңдай адамы,Тарихтарда болмағанСоғыстың болды ұлысыТарылды жаудың тынысы.Өлгені қалды үйіліп,Қуылып кетті тірісі.Халқын айдап қырдырғанГитлердің болды жұмысы.«Доспын» деп қастық ойлағанАқырында басынаТауан болды мұнысы,Көк төбеттің абалапБізге қарап үругеЕнді шықпас дыбысы.О заман да бұ заманАрамның жолы болмаған,Адамның жауы фашизмҚуылды біздің Волгадан.Салтанатты сәнімдіАрдақтаған барымдыҚорғады Қызыл ЕрлерімБасшылықтың болып дұрысы.Жасасын Қызыл АрмияЖасасын дана СталинДүниеде болынғанҚолбасшының ұлысы.1943 жыл