ВЕРНУТЬСЯ

Ақ жүректен ақтарып,Мен жырлаймын шаттанып.Ер шыққан соң елімнен,Маңғыстаудай жерімнен.Қасқыр иттей қаңсылап,Арт жағына ыршып-ақ.Жапырылып жау қашты,Исатайдай ерімнен.Бір өзінің оғынанҮш жүздейін немістіңҚара қаны төгілген,Қабырғасы сөгілген.Өздері қазған көріне,Өздері түсіп көмілген.Исатайдай ерімніңҚатты батты дұшпанға,Тегеуріні темірден.Арыстандай айбаттым,Жолбарыстай қайраттым.Тұқымы еді батырдыңҚауіп етпейтін өлімнен.Түп атасы ТоқтамысОйран салған қалмаққа,Хабары кеткен жан-жаққа,Тұсым еді шынжырлыСоғысса дұшпан жеңілген.Исатай – алғыр қайраттымФашиске қарсы оқ атты.Оғын қардай бораттыҚойдай қырып «дорақты».Қамалын бұзып күл қылды,Талқандап жауды бүлдірді,Танкілерін сындырды.Жау «көкесін» таныды,«Немістің үш жүз адамынИсатай батыр қырды» депХабардың болды анығы.Исатай – алғыр қыранымНемістің қырды біразын –Естілді елге дабылыЖетіп жатты артына,«Жасасын» деп қуандыҚазақстан халқы да.Сүйеубаев адамныңАрыстан туған алыбы.Ашуы бойды кернеді,Құлашын жайып сермеді,Бір өзінен немістіңҮш жүздей екен өлгені,Фашисті қойдай тоғытыпТемірдей батты шеңгелі.Орақтың ұлы Қарасай,Қарақыпшақ Қобыланды –Сол батырлар теңдері.Көпшілікке біліндіҚиратып жауды жеңгені.Қалатын болды тарихтаІстеген ерлік еңбегі.Исатайдай ерімдіҚас батыр десем болады,Айтсам аузым толады,Фашистерді қиратыпОғы қардай борады,Аты әлемге шашылыпГазеттерге басылыпИсатайдың хабарыЖер жүзіне тарады,Ұмтылғанда бекінгенБұзылды жаудың қамалы.Қуырылды заманы,Құртылды ғой амалы,Техникалық соғыстаТаң қалғандай, іс етті.СССР-дің маманы.Артылып түсті немістенҚұлданған әдіс-амалы.Анасына ардақтыМың бір рахмет айтамызТаймайтын тастан табаныТуған мұндай баланы.Атақ берді Сталин«Бірінші герой – ерім» деп«Немістің қырды көбін, – депСССР-дағы халқымныңБір шығарды белін» деп.Рахмет айтты Сталин«Ленин орден берің» деп.1943 жыл