ВЕРНУТЬСЯ

Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан кезде майдан үшін жан аямай еңбек етіп жатқан аудан еңбекшілері арасында мәдени-үгіт бригадасын басқарып, халықты ерен еңбекке жігерлендіре жүріп, шаршап-шалдыққан ауыл адамдарының демалыс-үзіліс кездерінде, Сәтгіғұл ақын олардың көңілін көтеріп, ән-жырдан шашу шашып отырған. Ерлердің орнын жоқтатпай, үйде де, түзде де ерлерше еңбек еткен әйелдерді мадақтап, жігерлендіріп жүрген Сәтекеңнің адамдар арасындағы айтқан кейбір әзіл сөздері де ел есінде сақталып қалыпты. Бұл шумақтар да сол есте қалғандардан жазылып қағазға түскен зілсіз әзілдердің бірі:            Он төртінші ауылдыңЗвеносы ақ ТұржанІстеген жақсы жұмысын,Басшылары ауданның            Бағалайды бұнысын.            Қонак болдық үйінде –            Ақ текемет, көрпесін            Астымызға төсейді,            Әйелдің артық көсемі...            Он төртінші ауылда            Ағилаш, Нәзу, ақ Тұржан –            Кіл асылдың тұқымы            Кем болатын жері жоқ,            Бәрінен де артық деп            Ақ Тұржанды мақтайды            Араласқан елі көп...