ВЕРНУТЬСЯ

(Қазақ ССР-ы Жоғарғы Кенесінің депутаттығына қандидат, ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевпен кездесу кешінде айтқан жырмен құттықтауы) Қарт ақын төгілдірсін өлең-жырын,Өрледі жылдан жылға оқу-білім.Туысқан партияның бастауымен,Байлықтың тасқындаттық небір түрін.Депутат Қаныш балам, қарсы аламыз,Халықтың бітірер деп мұқтаж-мұңынЖабулы Алматыда көптен бері,Жарыққа шықпай жатыр өлең-жырым.Еленбей еңбектерім кетіп барад,Шырағым, шын салғайсың көздің қырын.Ақ жүрек, әділ тұрған партиямыз,Сенемін – көрсетер деп көңіл шынын.Халықтың жағдайымен санасатын,Ардақты азаматсың қымбат бұлың.Халқымыз хош алысып дауыс берді,Сәтбаев, Өтебаев жолдастарға,Ұсынып еңбекшінің адал ұлын.Осы күн озып тұрған Маңғыстауым,Өсіріп малдың басы, бермей шығын.Ілінген ел аузына мен – Сәттіғұл,Айтуға сөзді сырлап келген тілім.Ғүмырым бір ғасырға жақындады –Тірліктің тамам еттік сексен жылын.Тұншығып қараңғыдан әзер шығып,Армансыз бостандықтың көрдім күнін.Бұл заман жаралғалы, есеп етсек,Кеңшілік болынбапты бұдан бұрын.Біздерді бұл дәуірге кездестіргенКөсемі еңбекшінің Ленин жолдас,Түбі жоқ дариядай білген білім.Қанышжан саулығыңа тілектеспін,Саламат, әзір күнге хош-сау тұрың.Елім бай қазыналы жерімменен,Өзіндей мұхит ойлы еріменен.Өзіндей ұл өсірген халкым менің –Шыға алам бар әлемнің төріне мен.Мол дарын бір бойында қоныстаған,Кең ойлы өршіл арман қарыштаған.Халқыңның ғылымына қам жасаған,Сен бейне жарық жұлдыз, Қаныш балам.Саңлақ ой сарабдалдың санаулысы,Жүрегі жалын атқан алаулысы.Депутат болуыңмен құттықтаймын,Қанышжан – халқымыздың қалаулысы.1958 жыл