ВЕРНУТЬСЯ

Тарихымды бастап сөйлейінҚоспай сөздің жалғанын:Көйлегі бүтін, жайы барБолмапты ата - аржағым,Тағам қылған алданыпҚолында тірлік салмағын.Бес атамнан бер қарайМал бітпеген сорлымын,Өзімнің әкем ЖанғабылСорқұдық, Теппе ойларданЕгін салып жер қазғанАйтатын көрген қорлығын.Әкемнің аты ЖанғабылДабылы жұртқа білінген,Адасқанға жөн сілтеп,Ақыл айтқан біліммен,Өзімнің атым Сәттіғұл —Тұрбасы түзу сөз шықтыСөйлесем көмей-тіліммен...... Мен де көрдім жарлықтыңӘрбір түрлі тарлығын.Жас жиырмаға келгендеКесірінен жарлықтыңТастадым қоныс-жерімді,Қарындас, халық, елімді,Дарияны сағалапХаразымның бойындаӨгіз айдап, жер жыртыпТоғыз жыл салдым егінді,Жан қиналып, маңдайданСыпырдым талай терімді.Аямай жанды қинадым,Онымен дәулет жимадым,Қайтадан келдім шұбырып —Туған жерді қимадым...... Отыздан жасым асқандаКөңіліме жел енді —Бастадым сонда өлеңді.Зорлығын айтсам байлардыңОлар оған арланды.Ашуы келіп шамданды.Жасырмай заман жарасын.Бүркемей көңіл наласынКедейдің айттым жоқтығын.Жарлық пенен надандық,Көзтүрткі қылып әркімгеСонымен өтті көп күнім.Октябрь таңым атқаншаШыға алмады шоқтығым.Орындалмай арманым,Кедейдік болып кедергіАла алмай сауат қалғаным...... Мың тоғыз жүз кешегіОн жетінші жылындаКөзімді ашып қарасамТаң атқан екен жарқырап,Күн шыққан екен жалтырап.Қанатым жайып ұштым мен,Күн нұрын сүйе құштым мен.Сол жылдардан бер карайГүлдеді бақыт мәуелепЖерімнің байтақ үстінен...