ВЕРНУТЬСЯ

Талайдың алдым жүлдісін,Байұлының әр жердеМақтап жүрмін бұлдысын,Сөйлеген күні шынымменАқтардым жұрттың тілдісін,Не пікірлі білгішін.Әшкертейін жасырмайӘркімнің еткен үлгісін.Кешіре гөр, бір Аллаа,Тезіңе салып тексерсеңТолып жатыр міндісі...Сынап жүрмін аралапХалықтың бай мен мырзасын,Ірілік жақтан озды депЕң әуелі жұрт айттыСаламаттың Сарбасын,Керек десең, біздергеАямады мал басын,Сахилық жаққа келгендеБайназардың ЫбырайТаба алмадым тайласын,Жылқысынан таңдаттыТөселген сүргін жорғасын.Ақшакедей ЖарықбасМай беруге жалықпас,Қайнарбай деген інісіКетпесін құр деп жетегіңО да берді бір ат пенТулы бие – тай басын.Бір ту бие, бір аттыңЕкеуін қабат тең бердіЖетімек ЖұмағазыныңТаба алмай жүрмін қолдасын.Ежелден ердің тұқымыСауарға қанға алмасын.Тобанияз, Аманқұл –Тастамай жүрмін аузымнанШеңгелдеп талай алғасын,Аты аталған жігітіҚатары неге қорласын?!Тіней деген ауылданЗәкәрия, Шам, Талпақ –Мен бұларды да мақтадым,Парымен алдым аттарын,Аулына келген қонақтыңҚұр жібермейді екен қапталынБайұлының баласыАйтпайды екен орта депДәреже, байлық, бақтарын.Зәкәрия, ТалпақтыңЖорғасын міндім тепектеп,Бір атын алдым жетектеп,Адина қылып алқадаАқшасын алдым етектеп,Қанша аласам да мойымайдЫрысқалым кетед деп.Айдаған күні нәсібеЖоғарғы жүрген АдайдаБайбол деген ауылданАралап былтыр мен көрдімСердалы байдың БекесінЖүр екенбіз көре алмайСалтанатты байдың көкесін,Он қадақ шай мен бір айғырБұ да берді айтқасынЖұлдырып сөздің шөкесін.Есігі ашық, төрі кеңАлғыс алған еліненСөйлеген күні жүлде алдымСолардай елдің бегінен.Жомарт деген ауылданЖаманқұл деген бір жігітІнген берді айырданІші буаз – қайылған,Дәулеті шақтас болғанменОздырды жұрттың байынан,Жігіт екен ілгеріӨзінің артық тайынан.Бұл күндегі коммунистАйладырдың алдындаЕтіп едім сауықтыҚаласында Көкжардың,Аралап дүкен-зауыттыБешпент-шалбар таңдатыпМетрін сегіз мәнеттенАлып берді мауытты,Кем болған жоқ сол күніНар бергеннен ауытты,Жігіт екен тұсынанІлгері туған азаматЕтпейтұғын қауіпті.Аштархан – Хандық арғы бетЕскегін суға сабалапҚайық деген көлікпенӨзегін жүрдім жағалап,Ортасында отырдымАдамдарды қамалап,Шиландарын шығарыпАқшасын берді додалап.Қыдырша деген ауылданӘбіш пенен СмағұлМереке-тойын бастатты,Үш сағаттың бойындаҚырық шақырым жолды алғанОлар да берді жақсы атты,Бір көруге оқсатты,Жарты тай мата тағы бар,Алдриза болсын, шабазғаБітірді көңіл мақсатты.Бұл күндегі замандаСмағұлға деңгел жоқ,Қайда барса алды ашықМол алады шеңгелдеп,Нағашысы Қосай, БерекетЖүз қой берген жыршығаҚазақ оны жеңген жоқ.Сан мал алдым АдайданМұндай жақсы ат берген жоқ,Арғы атасы ӘненттенКеле жатқан үзілмейШынжыр екен шұбалған,Нағашысы ӘбіштіңАғатай Беріш ұраннанСүйінғара, ҚызанбайБеріштің өңкей бектері,Шын ұлындай ШыңғыстыңСұрасаң, асыл тектері,Ерлігін айтып мақтасамТолып жатыр еткені.Анық таза адамғаБір жаратқан Алла артық,Смағұл мен ӘбіштіңҚайда барса алды ашық,Сахилығын көргесінӘркімдер жекжат болып жүрЕтегіне жармасып.Байұлының балдарыҚасиетті қашаннанКөрмеген тұқым қарны ашып.Жырлап едім тойындаЖақсы ат берді арнасып,Ауыздары бір екен,Татулықпен келедіБір-бірімен жалғасып,Мүсәпір-міскін кез келсеҚайыр ете қояд қамдасып,Өнерлерін озыдырыпЖақсы ат пен сұлу қатындыАлысып жүр таңдасып.Бұл күндегі замандаСмағұл мен ӘбіштейЖігіт бар ма еліндеҮстіне қонық иіргенАулының үстін шаң басып?Қайсыбірін айтайын –Талай ерден мал алдым,Он мың мәнет, бір айғырҚалада мақтап және алдымМына Орынбасар, Жалаудан,Бұл күндегі заманныңЖігіттері екен қалаулы,Халқы аузына қараулы,Тәртібі жұртқа тараулы.Басына барып ҚияныңБасқаны жорға бие алдымБейжанның ұлы Асардан,жігіт екен ілгеріСахилық жаққа қасарған,Орын екен, сұрасам,Келе жатқан қашаннан.Дәулеталы ҰзақбайДабысы келді құлаққа-ай,Қонақ қылып жырлатыпБұ да берді бір атты-ай.Кеще деген ауылданӨтеғұлдың баласыНәсухаға сөз айттымАрнап барып үйінде,Жағасы жыртық бір шапанӘкеліп жапты иінге,«Жарытты» сөйтіп киімге,Лайық деп бергесінАстыма бүктеп мен салдым –Бәлен-түген дейін бе?Мырзаның берген байрағынШығарып жүрмін жарыққаЖасырмай айтып әр жерде –Жатушы еді бүйірде.Нәсуха берген төрт саулықАйдай бердім ысқырып,Ысқырсам да жүрмедіТопалаң тигір пысқырып.Көп көрдім талай алқаны-ай,Түсіп жүрмін ортаға-ай,Қаратып жүрмін аузымаМына жағы Харазым,Маңғыстау, Орал, Арқаны-ай,Алланың берген деміндеӘзір күні келедіҮстімнен базар тарқамай,Құралым неге тарқасқан –Бұл күндегі заманныңБолғасын шайыр дарханы-ай.Бұл айтқан сөздің себебіНәсухадан болынды,Таптырмайды абыройАғайын, туған, елінеЖігіттің нашар, төмені.Әркімдер-ақ айтатын:«Жұмысың түссе СармысқаХалыққа бар, – деп – керегі»,Нәсухасы құрғырғаАлаң болып әуелденМақтамадым Сармысты,Одан басқа сөзімніңҚайтпас па еді дерегі?..