ВЕРНУТЬСЯ

Сәггіғүл ақын өмірінің соңғы жылдарында Жетібайға қоныс аудармастан бұрын Таушықта келіні Әсиенің қолында тұрған. Бұл Сәтекеңнің сексеннің сеңгірінен асып, тұсаулы тоқсанның табалдырығына тақаған, қарт кісіге үнемі ат үстінде жүру ауыр соғатын кезі, бір жерлерге бару қажеттігі туса, көбіне өзі «жиенім» деп жанына жақын тартып жүретін Шаланды іздеп келеді екен. Шалан Құлшықұлы байырғы шофер, үйі Таушықта тұрады, өзі елгезек, ақын ағасының тілін қайырмай, қалаған жеріне машинасымен апарып жүріпті.Ақын да бала мінезді емес пе, іштей жиеніне ырзалық көңіл күйін өлеңмен өрнектеген ғой. Бұл өлең 1964 жылы ақынның 88 жаста тұрған кезінде туған шығармасынын үзінді, өлеңді ел ішінен іздеп тауып «Маңғыстау» газеті бетінде жариялатқан жергілікті Медет Дүйсенов....Қойған екен атыңдыАтаң мең анаң «Шалан» деп,Айтпайды ешкім «жаман» деп,Мақтайды екен әркімдер«Әрібір іске маман» деп,«Жау жағасын жыртыпты Тәңірберген бабаң» деп,Ескі әруақ, орынсыңОйламаған сіздергеДұшпан көзін салам деп,Айтпайды екен ешкім деСіздерді сірә тапшы депМақтайды екен жақсы депЖиеніміз Шаланды,Бір жігітсің қайраттыӘр жұмысқа табанды,Айтсам аузым толадыБұрынғы өткен бабаңды,Ойран салып қалмакқаБұзыпты талай қамалды.Жақсының жарық жан-жағы,Жаманның күні қараңғы.Ырза бол, Шалан жиенім,Мақтамаймын кез-келгенКерегі жоқ жаманды.Айта алмас ешкім мініңді,Азаматсың білімді,«Алла ырза болсын» айтамын«Ақыны, – деп, – халықтың»Қайырмадың айтқан тілімді,Машинаңа мінгізіпӘркімнен алғыс ала бер,Өзіңе пайда дейді ғойЕткен қайыр – мұныңды.Айтылсын деп әр жердеАқ қағазға жаздырдымШығарған саған жырымды...1964 жыл