ВЕРНУТЬСЯ

Сәттіғүл ақынның үлкейген кезінде өзімен сыйлас, үнемі іздеп отыратын адамдарының бірі – Маңғыстау өңірінде «шежіре-шешен» атанған Меңдалыұлы Алшын еді. Сәттіғұл ақын Алшынның жетпіс жасқа толуына орай оған шығарған арнау сөзі жинақта бөлек берілді.Биылғы Алшын Меңдалыұлның туғанына жүз жыл толуына орай сол арнау сөзге қоса жолдаған ақын хаты қазіргі түбегімізге белгілі жыршы Ізбасар Шыртанұлынан алынған еді. Хаттағы әзілі жарасқан абзал жандардың арасында айтылар сөз үлгісі ретінде Сәттіғұл атамыздың мына өлең жолдарын да оқырмандарға таныстыра кетуді жөн санадық:... Атан мен нарын жетелеп,Аттарын мінді Адайдың,Кұрметін көрдім талайдың.Құрмет болды көргенім,Өлең-жыр болды ермегім,Алланың берген бағындаЖақсылардың жантайыпКөрпесінде көлбедім,Тоқсанға келіп, той жасапОтырғанымда бой жасап«Алшынжан естіп келер, – депКеліп сәлем берер» – депЖүргенімде дәметіп,Сен отырсың қасымдаЖайылып денім, толғандайТолатын еді кем-кетік.Үйімнің келіп қасынаСәлем бермей кеткенің –Мені кімге теңедің,Мен кімдерден кем едім?Осы күнгі адамдаСенің жоқ қатар-деңгелің,Мадиықтап, мақтап жырмененМен міндеттен құтылдым,Нұрбаулы, Сейсен, БешенгеТаба қылма, Алшынжан,Бізге бар, бала, бермегің.Қырық қағаз бен бес саулықБереді деген уәде бар,Жалтақтап, бұған жай айтсаңЖаратпайд ақын мұныңды.«Екі айтпайд, – деген, – ер жігіт»Қалған сөз бар кейінгеЖақсылардан бұрынғы,Өкінбе, берсең, опыныпБізге берген шығынды,Ойласам, орта жерің жоқ,Мақтасам ешбір кемің жоқБүгіндегі АдайдаСенің қатар-теңің жоқҚырық қағаз бен бес саулықҚолға қашан келгеншеАлшынжанға сенім жоқ...июнь, 1964 жыл