ВЕРНУТЬСЯ

Күн тамбайтын себелеп,Қыстайтұғын малшы ауыл.Өскеннен соң ащы шөпБұйрығын, жусан, ебелек,Жаз шыққасын құлазыпЖатар еді бұл араЖан беруге жеріме,Байлық алмақ елімеЕңбекте өскен ұлдарымҚалады әкеп мұнара......Табиғатты тұсауғаБел буған кілең батырғаТегеурінді табиғатТек киімшең қисайыпТүздің дәмін татырды,Азынады суық желКүзде, қыста шатырда,Арасында бір кебірЕралы мен Жетібай –Жалпақ жонда сансыз жолШыға алмайсың шетіне.Сол алқапта бір батпақ –Күзде, қыста батып қапТалай шопыр байланды,Жайғасып ас іше алмайӨткізді сан айларды......Бірі болса, бірі жоқ.Құрал-сайман жетпеді,Күндіз-түні мігірсіз –Жұмыссыз күн өтпеді.Қойдай өріп машинаБірі тасып ауыз суБірі салды баспана,Бірі салды асхана.Қиындыкпен күрескен,Айлар өтті, жыл өтті,Жасымады жан аяпБалдарым ер жүректі,Он-сан ұлттың ұл-қызыОрыс, башқұрт, грузин,Армян, қазақ, қырғызымЕл байлығы жолындаБіріге қосты тілекті,Бір сыбанды білекті.Ел қамқоры – партияКең даланы түлетті...... Бүгін енді қарасам:Жетібайдың жонында,Ақ қалалар самсады,Ақ қаланың тұрғыны –Жерге салған бұрғыныҚаһармандар қанша мың!Алыптарым алысыпКияға құлаш сермеген,Тасытты табыс бұлағынКөзін ашты көмбенің,Жетібайдың жеріненӨндірісім өрлеген,Мұнайының толқыныЖерді қозғап кернеген,Арқыраған ағыныЖоғары шапшып атқандаДария болды көрмеген.Маңғыстаудың ойындаМұнайдың арна-өзегі.Даңқы кеткен әлемгеЖетібай менен Өзенім.Жалпақ жонда бүгіндеСамсаған бір мұнара,Сан жылдарға сарқылмасБайлық көзі бұл ара.Еңбегімен ерімніңҚұдіретімен елімніңМұнай көзін бұрқатыпКөл-көсір боп тұра алар.1963 жыл