ВЕРНУТЬСЯ

Өркендетіп өсіргенМаңғыстау – малдың анасы,Қыстыгүні таулардыңМалға күшті панасы,Жүз түрлі дәрі шөп өскенТүрлі-түрлі саласы,Шүйгін шөбі құлпырған,Байлығы қайнап тасыған,Азаймайтын асыланКаспийдің жақын жағасы,Жаз жайлауға кең өрісБозашы, Үстірт даласы,Төлдегенде төрт түлікҰлан-байтақ шеті жоқСыймай жүр жерге қарасы,Малды баптап өсіргенЕнбеккер елдің баласы.Социалистік жарыстаБүкіл ҚазақстаннанОза шауып атақтыАлты ту алған ауданмын.Біздерменен байлыққаЕшкімнің болмас таласы.Бұл Маңғыстау ауданда«Еңбек» пенен «Правда»Озат колхоз атанған,Мамандары өсіріпМалды жақсы бағулы,Колхозшысы қажымайМал азығын шабулы,Екі мыңнан, үш мыңнанЕңбеккүнді табулы,«Кыс келед, – деп, – қырыннан»Әзірлік жасап бұрыннанҚоралары салулы,Төбесі тегіс жабулы.Алға басып жұмысыКүннен-күнге дамулы.Табыстан жетіп табысқаОзып шығып жарыстаОблыс пенен ауданнанҚызыл Туды алулы.                          1963жыл