ВЕРНУТЬСЯ

Жігіттер жүр масығыпЛауазымға таласқан,Алдауына еріп сұмдардыңТура жолдан адасқан,Құзғындар тобы жемтіккеБөлісе алмай таласқан.Екі бөліп елдерінТаласып жүр айғырдай,Әркімдерді үгіттепТура жолдан тайдырды-ай,Жікшілдікті шығарыпАйдап салды руды,Тамыр болып, қол артыпБайлармен бірге шығулы,Сұлу ат таңдап мінулі,Сән-салтанат құрулы,Есі-дерті бай болып,Қаратабан, кем-кетікҚарамады ашыныпАрыз айтқан пақырдыҚорқытып, төмен нықырды,Бет әлпеті бұрынғыШенеуніктер сықылды.Бояма жүз күнкөріс,Өтірік өрге басып па?Айтқанға түсін, әділ бол,Уа, жігіттер, масықпа.Тура жолдан таймаңдар,Масықпа, шыда асықпа. 1922 жыл