ВЕРНУТЬСЯ

Сұм заманда өтіпсің,Өлеңге өрен жетіксің,Жәуһарын жырдың жаудырыпТелегей-теңіз етіпсің,Өмірден опа таба алмайҚиянат көріп кетіпсің,Лағнат айтып түндергеҚол создың алғы күңдерге,Бірақ та нұрлы күндергеАсыл ер, жете алмадың,Құшағын жайып біздергеТабысты асыл арманың,Жырыңды әлем жаттады –Сөзіңнін жұттық қаймағын.Үстіртте – малшы үйіндеНұр төгіп жанға жайнадың,Жырларыңмен жауладыңӘлемнің барлық аймағын.1937 жыл