ВЕРНУТЬСЯ

 ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІМ – екі жинақта да жарияланған, шетпелік зейнеткер Аяш Қуанұлының айтуынан толықтырылды.УА, ЖІГІТТЕР, МАСЫҚПА – «Ой толғау» жинағынан алынды.ТАЙЫР АҚЫНҒА ХАТ (үзінді) – шетпелік зейнеткер Қаби Қонысұлынан жазылып алынды.МОСКВАҒА САПАРЫМ – журналист-ақын Оразаухан Ізбасарұлының отбасылық архивінен алынды.АЛМАТЫ САПАРЫНДА – «Тоқсан толғау», «Ой толғау» жинақтарынан алынды.КАСПИЙ ЕРЛЕРІ – «Ой толғау» жинағынан алынды.АМАНГЕЛДІ БАТЫРҒА - «Ой толғау» жинағынан алынды.БІЗ ЖЕҢЕМІЗ - «Ой толғау» жинағынан алынды.СТАЛИНГРАДТАН ЖАУ ҚУЫЛҒАНДА - «Ой толғау» жинағында «Волгадан жау қуылғанда» деген атпен қысқартылып берілген. Оразаухан Ізбасаровтың, Орынбасар Есіркеповтың нұсқаларымен салыстырып, бұрынғы атымен беріліп отыр.ӘДІС КЕРЕК ӘРТҮРЛІ – Совет Нұрмағанбетұлының «Жаңа өмір» газетінде жариялануынан.ИСАТАЙ БАТЫР - «Ой толғау» жинағында қысқартылып берілген, шебірлік Лияс Бекмағанбетұлының жаңа-өзендік Тұрарбек Нұрмағанбетұлының, шайырлық Мұратбай Сейтмағанбетовтың нұсқаларымен салыстырылған.АЖАРЛЫ ЕКЕН ТӨЛДЕРІ -   Совет Нұрмағанбетовтен алынды.АРНАУ – «Сталин жолы» газетінен, 13/ІІІ -1957 ж.ХАЛЫҚТЫҢ ҰЛЫ ҚАНЫШҚА – «Ой толғау» жинағында қысқартылып берілген, Орынбасар Есіркепов нұсқасымен салыстырылып толықтырылған. БҮГІНГІ ҚАЗАҚСТАНЫМ – «Батыс Қазақстан» газетінен, 24/ІІ-1963 ж.МАҢҒЫСТАУ – МАЛДЫҢ АНАСЫ – «Батыс Қазақстан» газетінен, 24/ІІ-1963 ж.ЖЕТІБАЙ ТУРАЛЫ ЖЫР - «Тоқсан толғау» жинағынан алынып, толықтырылған.ТОҚСАННЫҢ БЕЛЕСІНДЕ – «Тоқсан толғау» жинағынан алынды.ӘЛІ ДЕ СӨЗІМ ДӨҢГЕЛЕР – «Тоқсан толғау» жинағынан алынды.ТОБАНИЯЗ ХАН ТҰРҒАНДА – Бейсенбі Әріпұлының, жаңа-өзендік Алпысбай Оңғаровтың, Ж.Бөлекбайұлының, М.Үйсінбайұлының, Қабиболла Сыдиықовтың нұсқалары салыстырылып берілген.ТОБАНИЯЗ ТҮРМЕГЕ ТҮСКЕНДЕ – бейнеулік Сана Таушаұлының, Қабиболла Сыдиықовтың нұсқалары салыстырылып берілген.ХАЛЫҚТЫҢ ҰЛЫ ЖҰБАЕВ – «Ой толғау» жинағында қысқартылып берілген, Оразаухан Ізбасарұылының нұсқасымен салыстырылған.САЛАМАТҰЛЫ САРБАСҚА – жыршы Бүркітбай Керелбайұлы мен Оразаухан Ізбасарұлының нұсқалары салыстырылып берілген.АДАЙДЫҢ ОН ЖЕТІ БАЙ-МЫРЗАСЫНА АЙТҚАНЫ – Қаржау Қалиұлынан жазылып алынған.ӘЗІРЕТІ ҒАЛИДЫҢ ҚҰЛ БОЛЫП САТЫЛУЫ – ақтаулық Орынбай Бәлдековтың 1992 жылғы «Маңғыстау» газетінде жариялатуынан.МАҚПАЛ ҚЫЗҒА ШЫҒАРҒАНЫ – ақшымыраулық Ықсан Жұмасатовтың 1993 жылғы «Маңғыстау» газетіне жариялатуынан.СӘТТІҒҰЛ МЕН КӨК АТ – шетпелік ақын Әзірбайжан Қонарбаевтан алынды.КЕНЖЕ КЕЛІН – ақтаулық Сұлтан Балхаевтың 1992 жылғы «Маңғыстау» газетінде жариялатуынан.БӘРІНЕН ДЕ ОҢДЫСЫ – ақын Әзірбайжан Қонарбаевтан алынған.ҚОЗЫНЫ ҚОНАҚ ҚҰРТАДЫ-АЙ – ақтаулық Озғанбаевтың 1992 жылғы «Маңғыстау» газетінде жариялатуынан.ТҰРЖАНҒА – тұщықұдықтық Қыдырбай Қортабаевтың айтуынан жазылып алынған.АЛШЫНҒА ХАТ – жыршы Ізбасар Шыртанұлынан алынған.ШАЛАНҒА – ақын Медет Дүйсеновтың «Маңғыстау» гезітенде 1993 жылғы жариялатуынан.ОЛ «ИТ ЖЫЛЫ» ДЕГЕН ЖЫЛ ЕДІ – Оразаухан Ізбасарұлы, Төлесін Көшекұлы, Қорғанбай Әндіров нұсқалары салыстырылып берілген.ДОСАН БАТЫР – Әбдібек Жаманбайұлы, шетпелік Асан Әбдіровтар жариялатқан («Рауан», «Жаңа өмір» 1992 жылдар) нұсқалар мен Оразаухан Ізбасарұлының нұсқасы, «Тоқсан толғау», «Ой толғау» жинақтарындағы және 1939 жылғы ақынның Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының орталық ғылыми кітапхана  қорындағы нұсқалары салыстырылып енгізілді.ЕСКЕРТУ: Жоғарыдағы түсінікте көрсетілген күнделікті бұқаралық басылымдарда, әртүрлі жинақтарда жарияланып жарық көргендерден басқа ақын шығармаларын жеке азаматтардан жазып алып осы жинаққа енгізген құрастырушы Жетібай Жылқышыұлы.С.Жанғабылұлы, «Аманат», (Алматы, Ер -Дәулет, 1996)