ВЕРНУТЬСЯ

Отырмын дәл тоқсанның белесінде,Қаншама жырым қалды ел есінде?!Уа, халқым, жырыңды айттым, сырыңды айттым,Өзіңсің өміріме төрешім де.Қолыма домбыра алдым он бесімде,Жол өттім асу-асу ел көшімен.Ел сүйген ер Махамбет, Абыл ақын,Өтіпті өртті өмірмен белдесуде.Есенбақ, Шернияз бен Нұрым көшкен,Ақтан мен Қашағаннан бұрын көшкен,Кемтарға пана болған ақындардыңСөзінің бағдары мен жырым өскен.Ақынмын екі өмірді аңдап өткен,Арайлы Октябрьдей таңға жеткен,Жамбылмен жадырасып жаңа өмірдеҚырандай болат топшы самғап өткен.Өлең-саз меруерт пе жалын ба осы?Айтқан жыр жанымда осы, арым да осы.Гүлденген заманымда жыр толғаймын,Тоқсанға келсем-дағы арын қосып.1965 жыл