ВЕРНУТЬСЯ

Сәттіғүл ақын ерте көктемде қайнағасы Шалбар Нұрқабай дегеннің аулына келіпті.Мырзалық қысқан адам қонағына ерте туған төлді сойып беретін, сараңдығы ұстаған адам соғымның соңы өлі етпен де қонақ күтетін шақ болса керек. Үй иесі Сәттіғұлдың қасында үлкен сыйлы адамдар болмағасын соның екіншісіне тоқтап, қонақтарына өлі ет асып беріп сыйлаған сияқты.Ертеңгісін сәскеде атқа қонған қонактар енді жүргелі түрғанда, Сәтекең қайнағасына ат үстінде тұрып бірауыз өлең шығарып айтыпты:Қайнағамыз Нұрқабай, Көгенде қозы бірталай, Қонаққа қозы соймаңыз Қозыны қонақ құртады-ай...Мына сөз ел арасына тарап кетер деп қауіптенген Нұрқабай ақынды жолдастарымен аттарынан қайта түсіртіп, қозы сойып, қонақасын дұрыстап беріпті.Қонақтар аттанып жүрерде қайнағы Сәттіғұлды оңаша шығарып алып:– Сәтеке, айтылған сөз осы жерде қалсын, – деп өтініш етіпті...