ВЕРНУТЬСЯ

                       Сексен бесте мен бүгінҚарт ақынмын көнерген.Халқым «сөйле» дегендеЖерім жоқ, сірә, бөгелген.Кызмет еттім халкымаТіліме біткен өнермен.Октябрь таңы атқасынЖоғары шықтым төменнен.Сол күнде шықтым жарыққаКазықтаулы көгеннен,Советтік КазақстанныңШалқыған шалқар байлығынЖырлаймын талай өлеңменАқынымын дәуірдіңҚұрметіне бөленген...... Қазақ халқы ежелденЕзгіде жүрген ел едік,Қараңғыда қарманып,Азып-тозып адасыпЖол таба алмай бөгеліп,Сұм патшаның тұсындаҚытымыр заман – қысымдаҚайғы мен қапа жеп едік,Хан мен патша, бай мен биЖарлыны көзге ілмеді,Ілгері басқан қадамынКейін қарай күрмеді.Кедей қойдың соңындаӨлсе де байдың жолында,Жұпыны, жыртық күн көріпШөлдеген ерні кезерді,Жарлыға бай қожа бопИыққа мінді асылыпОктябрь таңы аткан соңҚазақ та еркін ел болдықБастағы тұман ашылып,Орнаған соң жаңа өмірБайтақ елге бақ қоныпӨнеріміз өрледіҰлы ұлттарға теңеліп.Қазақстан қатарғаОтау болып қонғалы,Одақтың он бес бірі бопЖылдан жылға көркейіпҚырық жылға толғалыБайлық пен бақыт орнады,Еңбекші барлық халықтыңБолып отыр осы күнКомпартия қорғаны,Ленин-көсем көрсеткенБағытқа дұрыс жолдады,Бір біз емес, басқа даЕзгіде жүрген елдердіңОсы нұрлы жолмененТеңдікке жетті қолдары...... Міне бүгін қарасамНұр жайнаған елім бар,Өркендеген өмірліӨндірісті жерім бар,Апшымайтын алғанғаЖер астында кенім бар,Ембіден ақса мұнайым,Қарағанды жеріндеҚалың жатқан көмір бар,Теміртау мен Балқашым,Қостанайда қорланыпТұтасып жатқан темір бар,Шымкентімде қорғасын,Балқашым мыс балқытқан,Қарсақбайда жезім бар,Бал татыған балығы –О да көптің азығы –Арал, Каспий көлім бар.Бірінші тың атанғанАлып берген астықтанТыңға салған егін бар,Миллиард пұт ОтанғаБеріп тұрған жылма-жылЕгіннен мол өнім бар,Мол егінді игерген,Техниканы меңгергенЕсімін еңбек шығарғанМың-мыңдаған ерім бар.Екінші тың атанғанҰлан-байтақ даламдаАлып жатқан малым бар,Малдан өскен төлім бар,Жетіжылдық жоспардыМерзіміне жеткізбейОрыңдауға ұмтылғанСерпіні күшті көңіл барҮйткені бүкіл елімдеЖеңіске жігер берушіАрысым бар, белім бар.                            1960 жыл