ВЕРНУТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар қорындағы (1121-бума) деректер негізінде Абыл Өтембетұлы делініп келді. Осы жинақты құрастырушы соңғы жылдарда Алшын Меңдәлиев шежіресі мен ақынның туысы Түрікпенбаев Молдағали қарттың айтуы бойынша (1971 ж.), Абылдың өз әкесі Тілеу, оның әкесі Өтембет екенін анықтады. Сөйтіп, 1971 жылдан бергі басылымдарда Тілеуұлы делініп келеді.Арғымақ атта сын болмас - алғаш «Сана» журналында (Ташкент, 1924,      N 2-3), кейін «Коммунистік еңбек» (Гурьев, 30.VI.1967) газеті мен «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (Кұрастырушылар: Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, 1967, 145-6), «Ақберен» (ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы қазақ ақын, жырауларының жырлары, 1972), «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985) жинақтарында жарияланған. Сол басылымдар бойынша берілді.Қар жауар күн-түн оның қабағынан - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапхана қорынан, 1121-бума,     15-б. 1947 ж. ел аузынан жинаған И.Ұйықбаев (бұдан былай «Ғылыми кітапхана қорынан» деп қысқарта қолданамыз).Естірту - Ғылыми кітапхана қорынан, 805-бума, 82-83-б. 1940 ж. тапсырған халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлы. Осы қордың 1121-бумасында (13-14-б.) 1947 ж. И.Ұйықбаев тапсырған, сондай-ақ академияның М.Әуезов атындагы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында (С.Жанғабылұлы тапсырған, 268-бума, 6-дәптер, 4-6-б.) өзге жазбалар бар. Толғаудың жарияланып отырған тексті «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Ақберен» (1972), «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985) жинақтарында жарык көрген.Орғи-орғи жүгірген - осы жинақты құрастырушыға ел аузынан жинап тапсырған (1.VII.1989) маңғыстаулық өлкетанушы, өнерпаз Ізбасар Шыртанов.Тілеумағанбетпен қоштасуы - ел аузынан жинап, құрастырушыға жолдаған (1994 ж.) Ізбасар Шыртанов.Тойбастар - алғаш «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985) жинағында, екінші бір нұсқасы «Жыр-дария» (1995, Ақтау) топтамасында жарияланды. Беріліп отырған 1985 жылғы басылымын құрастырушы Алматы облысы, Күрті ауданы, «Күрті» кеңшарында тұратын жыршы Сынабай Қоңыровтан 1971 жылы 4 кыркүйекте жазып алған. С.Қоңыров - көптеген жылдар Түрікменстанда тұрған Абылдың туысы.Үш ақынның өздерін таныстыруы - өлең текстін жинақты құрастырушы Атырау облысы, Жылой ауданының азаматы Бердіғалиев Меңкенің айтуынан 1963 жылы 20 кыркүйекте жазып алған. «Ақберен»(1972), «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы»(1985) жинақтарында жарияланған.Есенбақ — Кіші жүз Байұлы ішінде Таз руынан шыққан, Абылмен, Шерниязбен замандас ақын. Есенбақ жырлары ел аузында өте аз сакталған.Шернияз - Шернияз ақын Жарылғасұлы (1806 - 1867).Отырған қарсы алдымда Қаным-айым - бұл өлеңді жинақты құрастырушы 1965 жылы 20 ақпанда Маңғыстаудағы Аташ кентінде тұратын Қосдәулетов Бөкенбай айтуынан жазып алған. «Ақберен», «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» жинақтарында, Қ.Сыдиықовтың «Ақын, жыраулар» (1974) кітабында жарық көрген.Шерниязға айтқаны - жинақты құрастырушы 1964 жылы маңғыстаулық жыршы Жанжігіт Қосназаров (1903 - 1968) айтуынан жазып алған. Құрастырушының «Ақын, жыраулар» кітабында, «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» жинағында жарияланған.Абыл мен Орақтың кызбен сөз қағыстыруы - жинақты кұрастырушының «Ақын, жыраулар» кітабында, «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» жинағында басылды.Құрастырушы 1966 жылы атыраулық жыршы, ақын Құмар Жүсіпов айтуынан жазған.Орақ - Орақ Байдалыұлы (шамамен 1822 - 1910) Абылдан өнеге алған, Иса, Досан көтерілісіне қатысқан өнерпаз.Сүйекем Сапар шекті сексен бесте - алғашқы шумағы 1978 жылы маңғыстаулық өнерпаз Ізбасар Шыртанов айтуынан, соңғы екі шумағы 1964 жылы жылойлық шежіреші Боқанов Қайшыбай айтуынан жазылған. Екінші шумақтың 3-жолы да І.Шыртанов айтуынан, жазып алған жинақты құрастырушы.Сүйекем - XIX ғасырдың І-жартысында Хиуа ханы шапқыншылығына қарсы күрескен Сүйінқара батыр Үргешбайұлы (1756-1841). Абыл Сүйінқараны қадір тұтқан. Бұл өлең Сүйінқара дүние салғанда шығарған ұзақ толғаудың үзіндісі. Толық күйі ел жадында сақталмаған.Табынай - Кіші жүз - Байұлы - Адай әулетінен шыққан Табынай батыр Әлмәмбетұлы. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың әйелі Бопайдың әкесі, «Көк найзалы Табынай» атанған кісі.Аққұл, Айбас - Табынай батырдың ұрпақтары, жоңғар, калмақтармен соғыстарда көзге түскен батырлар.Байбақты батыр Шолан - Сырым Датовтың әкесіҚұлбарақ батырға - Кіші жүз - Байұлы - Беріш руынан шыққан Құлбарақ батырды Абыл ақынның жоқтауы. Құлбарақ Хиуа ханы Аллақұл нөкерлерінің 1832 жылғы Маңғыстау қазақтарына шапқыншылығы кезінде қаза тапқан. Өлең бұл күндерге түгел жетпеген. Жоқтау тексті «Коммунистік еңбек» (30/ ҮІІ - 1967) газетінде, «Ақберен», «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» жинақтарында жарық көрген. Өлеңді 1964 жылы Алшын Меңдәлиев айтуынан жазып алған жинақты құрастырушы.Ер Есболай, Итемген - Құлбарақ батырдың аталары. Ел аузындағы деректерде олар да батыр аталады.Табылды - Құлбарақ батырдың әкесі.Абыл мен Балдай қыз - Орталық ғылыми кітапхана қорынан, 1121-бума, 2-б. 1942 жылы Есқали Есенбаев тапсырған. Өлең жинақты құрастырушының «Ақын, жыраулар» кітабында, «Ақберен», «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» жинақтарында жарық көрген.Сегізек - XIX ғасырдағы маңғыстаулық зергер.Екі ақтан кім туады - «Маңғыстау» газетінен (14.12.91ж. Ел аузынан жинаған журналист Әзірбайжан Қонарбаев.Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл - жинақты кұрастырушы        1965 жылы маңғыстаулық Қосдәулетов Бөкенбай айтуынан жазып алған. «Ақберен», «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» жинақтарында жарияланған.Қайыпалды - Қайыпқали Ешімов сұлтан. Ел аузында және бірқатар жазба деректерде Қайыпалды, Қайбалды, Қайбала деп те аталады.Баймағамбетке айтқаны - Абылдың Баймағамбет Айшуақов сұлтанды әшкерелеуі. Халық ақыны Сәттіғүл Жанғабылұлы айтуынан жинақты құрастырушы 1964 жылы 1 қазанда жазып алған. «Ақберен», «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» жинақтарында жарық көрген.Бопай - Кіші жүз ханы Әбілқайырдың әйелі, Баймағамбет сұлтанның кәрі шешесі.Айшуақхан - Баймағамбет сұлтанның әкесі, 1797 - 1805 жылдары Кіші жүзді билеген хан.Қайыпалдыға айтқаны - өлеңді жинақты құрастырушы Сәттіғүл Жанғабылұлы айтуынан 1964 жылы жазып алған. Екінші бөлігіндегі 5-8 жолдары Абылдың туысы Түрікпенбаев Молдағали (1898-1973) айтуынан (04.09.71ж.) жазылған. Өлең тексті «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Ақберен», «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» жинақтарында жарияланды.Ақсұңқар сынды шалғын қауырсыннан - бұл да Абылдың Қайыпқали Ешімовті әшкерелеуге арналған толғауларының бірі. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының колжазба қорынан, 268-бума, 6-дәптер. 1941 жылы тапсырған С.Жанғабылұлы.Бес баулы Есенұлы, он Сейілхан — Бес баулы Есенұлы -Маңғыстауды, он Сейілхан - түрікмен жерін қоныс еткен түрікмен рулары. «Сегіз арыс Сейілхан» деп те аталады.Сушы қызбен сөз жарыстыруы - Орталык ғылыми кітапхана корынан, 1121-бума, 11-б. 1947 жылы тапсырған И.Ұйықбаев.Біреу бар - «Маңғыстау» газетінен, 13 қараша, 1990 жыл. Ел аузынан жинаған Ізбасар Шыртанов.Билер мен бектерге айтқаны - бұл да содан. Ел аузынан жинап, жариялаған Ізбасар Шыртанов.Батырларды жоқтауы - 1832 жылы Маңғыстау қазақтарына Хиуа ханы шапқыншылығы кезінде қаза болған батырларды Абылдың жоқтауы. Толғау тексті толық жетпеген. 1, 3-шумақтары 1960 жылы жылойлық шежіреші Боқанов Қайшыбай айтуынан, 2,4,5 шумақтары маңғыстаулық өнерпаз Ізбасар Шыртанов жолдаған (1994) материалдардан. Жинаған жинақты кұрастырушы. Алғаш жариялануы.Араб әліппесі - «Маңғыстау» газетінен, 02.09.91 ж. Маңғыстаулық Алданов Өрісбай айтуынан жазып алған Сайын Назарбекұлы. «Жыр-дария» (1995) жинағында жарияланған.Өгізбайға айтқаны - Ғылыми кітапхана қорынан, 1121-бума.Сексен бес жасында айтқаны - жинақты құрастырушы 1964 жылы         14 тамызда жылойлық шежіреші Боқанов Қайшыбай айтуынан жазып алған. Алғаш жариялануы.Кәрілік - жинақты кұрастырушы 1964 жылы Алшын Мендәлиев айтуынан жазып алған. Алғаш «Ақберен», кейін «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» жинақтарында жарияланған.Сексеннің біз де келдік жетеуіне - 1965 жылы 8 ақпанда маңғыстаулық Қосдәулетов Бөкенбай айтуынан жазып алған жинақты кұрастырушы. «Ақберен», «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» жинақтарында жарияланған.Өмірмен қоштасар сәтте айтқаны - жинақты кұрастырушы 1960 жылы Боқанов Қайшыбай айтуынан жазып алған. Алғаш рет жарияланып отыр. (Ғалым Қ.Сыдиықұлының «Таңдамалылар» (Алматы, «Арыс» баспасы, 2006) жинағының үшінші томынан).