ВЕРНУТЬСЯ

Бірде Баймағамбет сұлтан  ауырып жатып Абылды алдырады.

  • Сен хан, сұлтанды қаралап өлең шығарады дейді. Мықты болсаң, бұлтармай, маған өлең шығаршы, жақсыласаң – жарылқаймын, өле кетсем – өшпес сөз болсын, - дейді. Сонда Абыл былай депті:

Бопайдан туған әкең Айшуақ хан,Табаның таймай тұр-ау мінген тақтан.Дәлірген дажал сынды дәрежеңдіДеп жүрсің Құдай қорып, Қыдыр баққан.Толы ел – толықсыған көлін тастап,Қаңғырған Қайыпалды Тәңір қаққан.Ер өлді деп етек бұлап жылайтұғын,Байеке-ау, қай ісің бар елге жаққан?!Бұдан кейін Баймағамбет және басқа ел әкімдері Абылды ханға халықты қарсы қоюшы деп біраз қуғындапты.