ВЕРНУТЬСЯ

Абыл ақкөңіл, әзілқой адам екен. Қарт кезі болса керек. Су алып келе жатқан бір топ қызға қарап былай депті:Арқаның атып алдым ақша қуын,Қамысы Атыраудың буың-буын.Қолында темір шелек, таси-тасиБарады кыздар құртып көлдің суын.Үлкен қыздар иба сақтапты да, кіші қыз жауап беріпті:Қызады-ай бұқа - буға, тентек - дуға,Қайғысыз семіреді қара суға.Атаның сатып алған кұлы ма едің,Болар ма жігіт итаршы қара суға.