ВЕРНУТЬСЯ

Әріпте жиырма тоғыз келеді *Әліп*Атасы Әзірет-Әлі Әбутәліп.Жан беріп, күнәһарды тірілтіп ап,Тарттырар көр азабын отқа салып.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Би*Көреді иманды құл Алладан сый.Қылығы бұл дүниеде жақындардыңСайланар сегіз жұмақ ішінен үй.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Ти*Көңілді беріп Хаққа, нәпсіңді тый.Құдайдан шыныменен қорықсаңызТаста да харам нәпсі, адалдан жый.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Си*Пәк тұтып киіміңді тазадан ки.Алланың ақ бұйрығы келген күніЕркіңмен мойыныңды ұсын, жаныңды қый.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Ки*Озады ошағына тер төккен үй.Ас ішсең бір қазаннан бір қауым жан,Меймансың бір-біріңе көрсетші сый.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Жұм*Малынан зекет бермес кей жаман сұм.Зекетін көзін қиып бермегенменӨлгенде көзіне толар топырақ құм.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Һай*Жаманға жанап кетсең салар айқай.Шайтанның мейманасы тасымасын - Жақсыны хан көтерші даңқына сай.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Дал*Ғалымға көпті білген құлағың сал.Тоқысаң ғалым сөзін бойға жиыпАқылдан жұтамайтын құрадың мал.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Зал*Иеңді жан бітірген жадыңа ал.Шыбының тастап сені кеткен шақтаҚалмайды ара тұрып жинаған мал.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Шын*Пендеге махшар күні болады сын.Қарындас, ораза ұста, намаз оқыЖаныңның тазалығы - дінің үшін.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Ре*Жүреді желеп-жебеп ердің пірі.Тірлікте *Алла* деген ақ пенденіңЖанында өлген күні қалмас кірі.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Зе*Мұсылман, көңіл тазарт, дінің түзе.Періште махшар күні жауап аларЖасаған жаңсақ кетсем жөнім түзе.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Тай*Сүйектен өлсең кетер ет пенен май.Жаныңа періштелер ие боларКүнәсін бар мұсылман кешір Құдай.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Зай*Көрінде иманды жатады жай.Қылығы бұл дүниеде жаққан құлдыңЖаныда о дүниеде иманға бай.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Сат*Адамға өлсе дайын болады зат.Жақсылық, жамандықтың арасындаПеріште екі иінде жазады хат.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Зат*Кебіні нәрестенің жалаңқабат.Тақылдап тілін безеп жүгендерденСұрасаң бере алмайды дұрыс жауап.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Айын*Сыйламас жаман қатын келген байын.Абалап ел көзінше шаптығадыӨлтіріп мың сан рет өлген сайын.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Ғайын*Һұр қызы имандыға болар дайын.Әйелге бұл дүниеде ерін күткенТөрінен сегіз жұмақ қылар жайын.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Пи*Пенделер, ізетпенен иманды жый.Жетімнің жұлып-тартып ауызынанБоқтықты дүние деп жиғанды тый.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Кеп*Жүреді періштелер қамыңды жеп.Жаратқан бар әлемді ҚұдіреткеТабыншы қасиетке *Бір Алла* деп.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Қап*Тірінің о дүниеге бармағы хақ.Жүрегі адал жанға ары алдындаБолады махшар күні Алласы жақ.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Нұн*Алланың әміріне мойыныңды ұсын.Күнәлі іс ақыретте жаман дейді - Мәңгілік күтер алдан қараңғы түн.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Уау*Өлгенде жеті мүшең өзіңе жау.Қылығың бұл дүниеде жақпаса егерҚимылдап аузы-басың қылады дау.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Иай*Күтеді сегіз жұмақ жаратқан жай.Ақылға, шарапатқа бейіл болсаңИманды осы әріптер таратқандай.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Ләм*Жұмақтың бәріне ие иманды жан.Бес парыз мұылмандық бойда болсаАлланың нұры шашып атады таң.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Мим*Садақа әруаққа берген сыйың.Тазартар ниетіңді пітір, зекет - Оларсыз дүниеде жайың қиын.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Вав*Тұрмасы бұл дүниенің басында хақ.Көрсет те шыдамдылық тауқыметкеПәниден кетпей тұрып қанағат тап.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Иа*Адамның көзі тоймас дүнияға.Құнықпа келген олжа табысыңаЖүгінші ұят пенен қайырына.Әріпте жиырма тоғыз келеді *Ләм-Әлиф*Жаратқан күллі әлемді Алла халиф.Түйіні бар әліппе тоғыз торап,Түйсініп ұққандарға бұл бір ғажап!!!