ВЕРНУТЬСЯ

Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог,аудармашы, қоғам қайраткері .Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргіҚостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).1882-84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық,орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдікқызмет атқарады.1909 ж.патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жераударылды.1913 ж. Орынборда«Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейіноның редакторы болды.Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыскүшейеді. 1918-19 жж. Алашорда қатарында болады. 1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялықкомитеттің мүшелігіне тағайындалады.1922-25 жж. Қазақстан Халық ағартукомиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары,Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы«Ақ жол» газетінде қызметкер.1925-29 ж. Қазақ халық ағартуинститутында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.1929ж. маусымындақамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған,ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясындақызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен АхметБайтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. қазан айындаАхмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлытуралы былай депті:...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққашыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттықарын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбіроқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтықіздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды... халықтың арыніздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті.Мұхтар Әуезов депті:Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салғанәдебиеттегі елшілдік ұраны - «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қанжылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымағанқайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктербұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіругетырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіпкөрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандардықуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала - бұлт, шындық - күнекен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйгенұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты.ШығармаларыБайтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Ондаол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықтыоқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге,еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын,шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқанқараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімінжұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын дегентүйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясынасәйкес қосып отырған.Байтұрсынұлының екінші кітабы - «Маса» (1911). Бұл кітапқаенген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулықсияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпенүндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік,демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді.Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды.«Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам»,«Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады.Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндікжаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.ӘдебиеттануХалық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлызор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ»газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемдімақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірітұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі,поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақынмұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «ЕрСайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Москвада шығарды.Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайыжүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады.Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғышкөлемді еңбегі - «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерініңтабиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлыжан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауызәдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөріадамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген.Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған.Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркемсөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігініңқыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері»,«тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталадыда, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары - шежіре, заман хат, өмірбаян,«мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі - мәнді әліптеме,сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері - пән,сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркемсөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындардәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализмтуралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады.Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесінмеңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділіктапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетініңдаму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақсипаттармен ұштастыра талдауға тырысады.Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегіненайқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жырауларпоэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабайақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір,Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушыларшығармаларынан үзінділер бар.АудармаларыБайтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы - көркемаударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркемқазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының біртобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды.И.И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш»,«Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я.Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.ТүркітануБайтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері,араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалаларжазды.1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезінеқатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндамажасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күшжұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердіңсауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар ментың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысынақазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау,жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдіңтипологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімін 20 ғ-дың бас кезінде қалыптастырып,оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторыболды.    

Ахмет