Оюын ойып,
Орындап қойып,
Түр салғандай өрнекке,
Қиыннан қиып,
Қиырдан жиып,
Құрап, сөзді
термекке,
термекке,
Еңбекке егіз тіл
мен жақ,
мен жақ,
Ерінбесең, сөйлеп
бақ!
бақ!
Именіп көптен,
Сақтық қып еппен,
Тасалама ойыңды!
Ашынса етің,
Ашылмақ бетің,
Тірі көмбей бойыңды,
Жүрегіңнің жарасын
Көрсет жұртқа!
Қарасын.
Оқушым, ұқпай,
Осқырып шықпай,
Сабырмен байқа сөзімді!
Шыққан соң
сыртқа,
сыртқа,
Жайған соң жұртқа,
Сөз тергеуге төзімді.
Көп мағына, аз
ләфүз,
ләфүз,
Есек баспас
тайғақ мұз.
тайғақ мұз.
Қарқылдар қарға,
Шиқылдар арба,
Бой сүйсінер сазы жоқ.
Шешенсіп жұртқа,
Мылжыңдар қыртпа,
Ой исінер сөзі
жоқ.
жоқ.
Маған үлгі ол
емес,
емес,
Ол түсерлік жол
емес.
емес.
Жолдар бар өзге,
Жоба бар сөзге
Жүрекке дөп, ойға жон.
Жаманды жаман
Демекпін һаман,
Мейлің тула,
мейлің көн.
мейлің көн.
Иланбасам, айтпаймын,
Иманымнан қайтпаймын.
Әр жолды ойлап,
Ойыма бойлап,
Ұқтым
тайыз, тереңді.
тайыз, тереңді.
Сайраған тілмен,
Зарлаған үнмен
Құлағы жоқ
кереңді
кереңді
Ұқтыра алмай сөз
әуре,
әуре,
Тек тұра алмай
біз әуре.
біз әуре.
Қараймын кейін:
Орысқа шейін
Хан бағыпты қазақты.
Баға алмай
жөндеп,
жөндеп,
Басқаға кен деп,
Артқан жұртқа
азапты.
азапты.
Бас адамдар
халықты
халықты
Сатып, сыйлар алыпты.
Келген соң бері,
Кейінгілері
Болды құмар шекпенге -
Өгіздей өрге,
Өткелсіз жерге
Күнде айдап
жеккенге.
жеккенге.
Бір күн тойса есектер,
Ми жоқ алдын есептер.
Салынып дауға,
Сатылып жауға,
Болыстықты алысты.
Қазық боп жұртқа,
Қорған боп
сыртқа,
сыртқа,
Кім ойлады намысты?!
Мақтады ұлық,
болды мәз,
болды мәз,
Қауым үшін қайғы
аз.
аз.
Оқытты жасын,
Өстіртіп шашын,
Мал табуға салынды.
Қаламнан, хаттан,
Жауаптан айтқан
Білді жалғыз алымды.
Кейбірі шен алмақ
та,
та,
Дінін шаншып
қармаққа.
қармаққа.
Басында сәллә,
Аузында Алла,
Молдаларда не ғамал?
Көздерін сүзіп,
Жүздерін бұзып,
Алдап жұртты, жимақ мал.
Ұжмақ молда
қолында,
қолында,
Сауда-саттық
жолында.
жолында.
«Бергенге - ұжмақ,
Бермесе - дозақ», -
Деп үйретер халыққа.
Ұжмақтың кілтін,
Алланың мүлкін
Арендаға алып па?
Молда сатса тиынға,
Ол - Алла емес, сыйынба!
Шалқаңнан жатып,
Аллланы
сатып,
сатып,
Аламын деп қорлама!
Еңбексіз ит жер,
Бейнетсіз бит жер,
Берсеңдер, бер молдаға!
Өзіңді бірақ
алдама,
алдама,
Ақшаға ұжмақ
жалдама!
жалдама!
Ұлғайып
қайғы,
қайғы,
Уытын жайды,
Айтпасыма болмады.
Қабағын түйіп,
Қаһарын жиып,
Жан-жақты бұлт
торлады.
торлады.
Жаңбыр жаумай,
жауса қар,
жауса қар,
Жұрт жұтайтын
түрі бар.
түрі бар.
Балалық қалып,
Ес біліп анық,
Ер жеткелі жиырма жыл.
Баяғы қалпы,
Баяғы салты,
Бұл неткен жұрт ұйқышыл?
Болсын кедей, болсын бай,
Жатыр бейқам, жым-жырт, жай.
Емшегін еміп,
Анаға сеніп,
Бала ұйықтайды
жастықпен.
жастықпен.
Қымызға қанып,
Қызарып жанып,
Бай ұйықтайды
мастықпен.
мастықпен.
Шалап ішкен кедей
мас,
мас,
Мына жұрттың түрі
оңбас!
оңбас!
Ұйқышыл жұртты
Түксиген мұртты
Обыр обып, сорып
тұр.
тұр.
Түн етіп күнін,
Көрсетпей мінін,
Оятқызбай қорып тұр.
Обыр болса
қамқорың,
қамқорың,
Қайнағаны сол
сорың!
сорың!
Оянған ерге
Ұмтылған
жерде
жерде
Еруші аз, серік кем.
Қас білген досты,
Дос білген қасты,
Мұндай елді көріп пе ең?
Қыс ішінде бірер
қаз
қаз
Келгенменен,
қайда жаз?!
қайда жаз?!
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді,
оянып.
оянып.
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын
бар не сиқың?!
бар не сиқың?!
- 121 просмотр