ВЕРНУТЬСЯ

   Орыс қол астына паналауға келген 1000 үй
Қытай қазағының мынадай аянышты халін депутат Некрасов «День» газетасына
жазады.
  Алтай тауының моңғол бетіндегі қазақтар мен
моңғол төрелерінің арасында үлкен жанжал шығып, 11 төре өліпті. Мұнан кейін
моңғолдар қазаққа қарсы әскер аттандырып-ты. Қазақтар қорыққанынан, 1000
үй 120 мың малымен орыс қол астына қашып тығылып, орыс хүкіметіне арыз береді:
«Бізді қол астыңа алсаң», - деп. Қазақтардың бұл арызы Петерборға жеткеннен
кейін, арыздарын аяқсыз қалдырып, өздерін моңғолға қайтаруға бұйрық шығарған. Қазақтар еркімен моңғолға
қайтпайтын болған соң, оларды қорлықпен
көшіруге әскер жіберген. Осы күні шекарада моңғол әскері қазақтардың қайтуын
күтіп тұр. Олар әліпте кек алмақшы һәм басқа патшалыққа қашқаны
үшін жа-заландырмақшы. Енді
бишара қазақтардың қаны төгілмей, мал-мүлкі шабылмай, қалай аман қалар?
    Некрасов айтады: «Моңғол төрелері
бізге сонша-ақ қымбат па, олардың кегін қайтару үшін бірнеше мың қазақты құрбан қыларлық?!».
   ОМСКІ. Бізге жазады, биыл ондағы орта
дәрежедегі сельскохозяйственный школаға Мұқтар Саматов деген қазақ баласы кірген екен. Ол бұрын Семейдегі 4
класты городской школды бітіріп,
Омбыға тілеген школына қазыналық орынға кіру үмітімен келген.     Жоғарыда
айтылған школаға кіруін кірсе де, өз күшіңмен оқисың деп, қазынадан орын
бермепті. Бұл баланың ата-анасы өте кедей болғандықтан, осы күні школға
төлейтін 65 сом һәм пәтер, тамағына берерлік бір тиын ақшасы болмай,
мұқтаждықтың зарын шегіп тұр, өзі тәуір оқиды, бірақ ақшасыздықтан амалсыз
школадан шығып, қаңғырып қалуға тақалып тұр екен. Біз газетамыз арқылы Мұхтар
Саматовқа ең болмаса бір жылдық оқуына жеткендей жәрдем жиюға жақын арада
Орынбор губернаторынан рұқсат алмақшымыз.
 
                                                                                                               1913
ж.