Беріде
емес, әріде?
емес, әріде?
Пәлен жұрттың жерінде
Болған жақсы хан Дадан.
Талай көріп
қауіпті,
қауіпті,
Талай жұртты
шауыпты,
шауыпты,
Жасында боп бек
мазаң.
мазаң.
Жас жеткен соң жабығып,
Аттаныстан жалығып,
Жай жатуға ойлапты.
Кәрі ханды
қажалап,
қажалап,
Енді өзгелер
мазалап,
мазалап,
Жай жатқызып қоймапты.
Жаудан Дадан жерлерін,
Қорғамаққа
елдерін,
елдерін,
һәман тұтты көп
әскер.
әскер.
Қолбасылар
қалғымас,
қалғымас,
Тұс-тұсынан шықты
қас,
қас,
Қайсысына жетісер?
Оңнан күтсе, жау солда,
Қырдан күтсе, жау суда,
Сырттан десе, құбыладан.
Жан-жағынан жау
ұрды,
ұрды,
Жылап-жылап
жіберді
жіберді
Ызасынан хан
Дадан.
Дадан.
Қатты күйді, қайғырды,
Хан ұйқыдан айрылды,
һәман қауіп-қатерде.
Ойлап, ойлап қарайды:
«Не қылсам, - деп, - жарайды?»
Білмейді не етерге.
Безген ат боп белінен,
һәр нәпсінің желінен,
Бар екен бір данышпан
Жұлдыз санап қарайтын,
Сонан ақыл сұрайтын
Сасқан, яки адасқан.
Арнап кісі шаптырып,
Көп-көп сәлем
айттырып,
айттырып,
Шақыртады хан
Дадан.
Дадан.
Шақырғанға бұ
барды,
барды,
Алтын өтеш
шығарды
шығарды
Аузын шешіп дорбадан.
Ханға тұрып сөйлейді,
Сөйлегенде
бүй дейді:
бүй дейді:
«Мынау алтын әтешім!
Қондыр сырық
басына,
басына,
Қой сарайың
қасына,
қасына,
Болар мықты күзетшің.
Боп отырса тып-тыныш,
Жоқ еш жерде қорқыныш.
Қатер болса бір жақта,
(Соғыс па я әлде не,
Болсын мейлі не бәле)
Қарап әтеш со жаққа,
Күдірейіп, дауыстар,
Ол - дегені «қауіп бар!»
Риза болып, айтар хан:
«Бұйым алтын, күміс пе?
Басқа мүдде, жұмыс па?
Тауалыңды қайтармаң.
Сенен немді аярмын!
Қашан болса, даярмын
Не сұрасаң беруге -
Не десең де еткізіп,
Не мүддеңе жеткізіп,
Өз көңілімдей көруге».
Биік сырық басында,
Хан сарайы қасында
Қарауылдап халықты,
Қатер болса,
жұлқынып,
жұлқынып,
Солай қарай
ұмтылып,
ұмтылып,
Әтеш айқай салыпты:
«Кіри-ку-ку, жат, ханым!
Жатып жұртты бақ, ханым!»
Дадан ісін асырды:
Жауын ерте көрген
соң,
соң,
Ұрып, сыйын
берген соң,
берген соң,
Жау тыйылды,
басылды.
басылды.
Бір жыл өтті, екі жыл,
Тапты рақат жұрт дамыл,
Әтеш отыр жай, тыныш.
Бір күні ұйықтап
хан жатты,
хан жатты,
Сер әскер кеп оятты,
Бар деп бәле, қорқыныш.
Хан аша алмай ұйқысын:
«Не беле бар? Не қысым?» -
Дейді отырып есінеп.
Жауап берді сер
әскер:
әскер:
«Әтеш көрген бар
қатер,
қатер,
Жұрт қауіпте
түйсініп».
түйсініп».
Хан қараса әйнектен,
Әтеш отыр әндеткен,
Күншығысқа қарапты.
«Не тұрыс бар? Жүруге!
Жылдам атқа мінуге,
Алып қару-жарақты!»
Хан әскерін айдады,
Үлкен ұлын
сайлады
сайлады
Бастық етіп үстінен.
Әтеш тағы жай,
тыныш,
тыныш,
Қауіп-қатер,
қорқыныш
қорқыныш
Шықты жұрттың есінен.
Қол шыққалы жеті күн,
Әскерден жоқ
хабар-үн:
хабар-үн:
Ашықты ма?Тоқ па
әлі?
әлі?
Жеткен жоқ па? Жетті ме?
Жау жатыр ма? Кетті ме?
Соғысты ма? Жоқ па әлі?
Міне, әтеш бақырды,
Хан өзге қол
шақырды,
шақырды,
Кіші ұлына
бастатты.
бастатты.
Күншығысқа бет
беріп,
беріп,
Қару, қапшық
бөктеріп,
бөктеріп,
Қосын артып, қол тартты.
Әтеш тыныш, сыбыс жоқ,
Әскерден түк дыбыс жоқ,
Тағы өтеді жеті күн.
Жұрт айрылды
сауықтан,
сауықтан,
Ел жайғаспай
қауыптан,
қауыптан,
Әтеш тағы берді
үн.
үн.
Үшінші қол шақырып,
Тастайтындай жапырып,
Құтты болғай деп
қадам,
қадам,
Күншығысқа жол
алып,
алып,
Азық-түлік мол
алып,
алып,
Шықты өзі хан
Дадан.
Дадан.
Күн-түн демей қол жүріп,
Бітті әбден болдырып,
Ешбір белгі жолда жоқ -
Мола да жоқ, көр
де жоқ,
де жоқ,
Салық салған жер
де жоқ,
де жоқ,
Соғыс та жоқ, қол
да жоқ.
да жоқ.
«Бұ не хикмет! Не ғажап!» -
Дейді Дадан ойға қап.
Жетінші күн батыр хан
Қолды жиып
жүргізіп,
жүргізіп,
Тау ішіне
кіргізіп,
кіргізіп,
Керді жібек шатыр хан.
Маңайында ел де жоқ,
Ызыңдаған жел де жоқ,
Жалғыз ғана сол шатыр.
Өзектерде, ойларда
Жыбырлаған қойлардай
Қырып салған қол жатыр.
Хан шатырға кірмекке,
Бұл не ғажап -
білмекке,
білмекке,
Жылдамырақ
жүреді.
жүреді.
Хан алдында екі ұлы,
Жан шошитын бар
сыны,
сыны,
Жатқандарын
көреді.
көреді.
Бір-біріне қылышты
Сұғып,
тапқан тынышты:
тапқан тынышты:
Сауыт, қалқан - жоқ бәрі.
Жапырылып
жаншылған,
жаншылған,
Қара қанға
малшынған
малшынған
Шөпті жеп жүр
аттары.
аттары.
«Екі азамат сұлтаным!
Екі лашын-сұңқарым!
Ауға түскен, алданған.
Маған күйік! Маған дерт!
Маған өлім! Маған мерт!» -
Деп жылады хан Дадан.
Хан жыласа, қалар ма,
Ерген жасақ - олар да
Еңіресті, жыласты.
Тау күрсініп,
күңіреніп,
күңіреніп,
Ой ыңылдап,
ыңыранып,
ыңыранып,
Бәрі бірге
ұласты.
ұласты.
Сонда шатыр ашылып,
Нұры күндей
шашылып,
шашылып,
Шамаһанды
билеген,
билеген,
Нөкері жоқ,
жап-жалғыз
жап-жалғыз
Шыға келіп патша
қыз,
қыз,
Ұшырасты
ханменен.
ханменен.
Қуыршаққа қуанған,
Балаларша уанған,
Жылағанын хан қойды.
Сылаңдаған
сызылып
сызылып
Қызға көңілі
бұзылып,
бұзылып,
Бөлмей-жармай
берді ойды.
берді ойды.
Керіле басып, кекектеп,
Ханды қолдан
жетектеп,
жетектеп,
Қыз шатырға
әкетті.
әкетті.
Дастарқанды жаяды,
Түрлі тағам
қояды,
қояды,
Көрсетеді
құрметті.
құрметті.
Әбден сыйлап бағады,
Парша төсек
салады,
салады,
Тынықсын деп жол шеккен.
Бір жұмадай
тойлар хан,
тойлар хан,
Басқаны жоқ ойлар
хан,
хан,
Басы айналған, ерік кеткен...
Міне, қолын, қосын ап,
Қызды өзіне
қосып ап,
қосып ап,
Кейін қарай хан басты.
Келмей жатып
алдынан,
алдынан,
Пәлен екен деп
пәлен -
пәлен -
Түрлі лақап сөз
қашты.
қашты.
Таянғанда қалаға,
Дулап, шулап
далаға,
далаға,
Хан алдынан ел шықты.
Жұрт жүгірер
артынан,
артынан,
Хан сағынған
халқынан
халқынан
Алар сәлем, құлдықты.
Көп ішінен көреді,
Біреу сәлем береді,
Ақ бөркі бар басында.
Ет жоқ, ұрты
суалған,
суалған,
Сақал, мұрты
қуарған,
қуарған,
Қара қыл жоқ шашында.
Шал сәлемін хан алып,
Кәрі досын тез танып,
Жақын кел деп шақырды.
Дейді: «Аман ба, қарт бабам,
Не қосасың, айт маған,
Данышпаным, ақылды?»
Шал айтады: «Хан Дадан!
Бар-ды айтқан
уағдаң
уағдаң
Тілегімді беруге
-
-
Не десем де
еткізіп,
еткізіп,
Ризалыққа
жеткізіп,
жеткізіп,
Өз көңіліңдей көруге.
Ақы алатын күн жетті,
Мойныңдағы міндетті -
Өте бүгін қарызды.
Сүйсең көңілім
тынуын,
тынуын,
Бер Шамаһан сұлуын!
Қабыл ет, хан, арызды!»
Хан таңданды бұл іске,
Ойдағы жоқ ұлы
іске.
іске.
Шалға айтады: «Сен несің?
Пері енді ме
түсіңе,
түсіңе,
Жын кірді ме
ішіңе,
ішіңе,
Алжастың ба, бар ма есің?!
Мен саған шын қарыздар,
Қарызда да шама бар -
Қыз ол саған не қажет?
Қой, шалым, тым зор тұтпа!
Мен кім - оны ұмытпа!
Міндеттен бар зор міндет.
Сұра менен
қазына!
қазына!
Қараман көп-азына,
Шен десең, шен беремін.
Ат қала да, атымды ал!
Зат қала да, затымды ал!
Ел жарымын һәм беремін».
«Керек емес, - деді шал, -
Елің, шенің, бұйым,
мал.
мал.
Берсең, маған қызды бер!»
«Түф!» деп жерге түкіріп,
Хан айтады
жекіріп
жекіріп
(Қысылғаннан шықты тер):
«Қуарған шал!Сый
алмай,
алмай,
Қыз сұрайсың ұялмай,
Соққан сені
захмет.
захмет.
Түк нәрсе де
бермеймін,
бермеймін,
Түк есепті
көрмеймін.
көрмеймін.
Сау тұрғанда,
жоғал! Кет!»
жоғал! Кет!»
Ханға жауап қайырып,
Таласуға бой ұрып,
Шал айтқанша қамданып...
Хан асамен мандайға, -
«Таласатын қандай?
Мә!» -
Мә!» -
Деп жіберді бір салып.
Етбетінен шал түсті,
Тәннен безіп жан
ұшты,
ұшты,
Қыз: «Хи-хи-хи! Ха-ха-ха!
Қорықпайды екен обалдан».
Күлген болды һәм
Дадан,
Дадан,
Жұрт ренжу, хан
қапа.
қапа.
Не тұрыс
бар далада?
бар далада?
Хан кіреді
қалаға,
қалаға,
Жұрт көшеге
толады.
толады.
Сырығынан түсіп
кеп,
кеп,
Алтын әтеш ұшып
кеп,
кеп,
Хан басына
қонады.
қонады.
Тұмсығымен
қақты да,
қақты да,
Ханның миын шақты да,
Әтеш кетті аспанға.
Арбасынан хан ұшты,
Кеудесінен жан ұшты,
Қалды барша жұрт
таңға.
таңға.
Ғайып болды, қыз кетті,
Сөз аяғы һәм жетті,
Істеу шабан, айту тез.
Ертегінің шыны
аз,
аз,
Шыны аздың құны
аз,
аз,
Жанап айтқан жай бір сөз.
- 129 просмотров