ВЕРНУТЬСЯ

    Қалтылдақ қайық
мініп еспесі жоқ, 
Теңізде жүрміз
қалқып кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын
қуса жылжи беру
Болғандай табан
тіреу еш нәрсе жоқ.
Бұл күйге бүгін
емес, көптен кірдік,
Алды-артын
аңдамаған бетпен кірдік.
Шығармай бір
жеңнен қол, бір жерден сөз,
Алалық алты бақан
дертпен кірдік.
Бейне бір құдіретті
сынағандай,
 «Сақтар деп, сақтар болса» - сертпен жүрдік.
Жат жақты
Жаратқанға күзеттіріп,
Жақынмен
ырылдастық, иттей үрдік.
Білдірдік елдің
сырын, ердің құнын,
Елеріп ерегіске
екі-үш күндік.
Кіреді тентек есі
түстен кейін,
Мүшкілін халіміздің жаңа білдік.
Әлі де, саңылаусыз салтын бағып,
Түрі жоқ іс
айтатын пәлен дерлік.
 «Ұлы той көппен көрген
жалғыз мен бе? -
Деп отыр, - не болса да жұртпен көрдік».