ВЕРНУТЬСЯ

Н.Қ. ханымға

    Рақатсыз өтсе де
өмір жасым, 
Бұл жөнімнан Құдайым
айырмасын.
Ұзақ жолға ниет
қып бір шыққан соң,
Жарым жолдан
қайтпаспын, қарындасым!
Су да болар ол жолда, тау да болар,
Жаудың оғы, жайған тор, ау да болар.
Мынау
пайда,мынасы зиян демек,
Ол ерліктің ісі
емес, сауда болар.
Шалдығатын, шаршайтын жерлер де бар,
Шалдыққанға мұқалмас
ерлер де бар.
Қайратанып,
қажымай тырмыссаң да,
Шыққызбайтын

Білім жарысы

   Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады.
Ол жарыста бәйгеге түсе алатындар білімділер, зейінділер. Оларға бәйге тігіп,
жарыстыратындар бай адамдар я обществолар. Бәйге тігу, жарыс істеу біздің
қазақта да бар. Қазақта бай адамдар я қуаныш нәрсеге той істеп, ат
шаптырады, я өлген адамына ас беріп, ат шаптырады. Байлығына қарай, адам-дығына
қарай ас пен тойдың үлкені де, кішісі де болады. барлығы бәйгеге тіккен малынан гөрі
шақырған елдердің санынан, сойылған малынан байқалады.

Сорлы болған мұжық

    Болған соң кәсібі
ұрлық, ұры залым 
Ұрлауға ұят дей
ме жұрттың малын?
Ойы арам, қаны
қара, ол нағылсын,
Біреуді зар
жылатпақ, зор обалын!
Құдай да, Құран
да оған жалғыз қарын,
Сол үшін қара
жерге көмген арын.
Ұры еніп бір Мұжықтың
сарайына,
Сыпырып кетіпті ұрлап
қоймай бәрін.
Мұжығым жатарда
бай, тұрса - сорлы,
Байлықтың құр
тып-типыл қалған орны.
Аһылап-уһлейді, ұры
алған соң

Кісі мен аю

    Бір Адам айдалада
елден жырақ, 
Жеке-тақ, жапан
түзді қылды тұрақ.
Жаяулық,
жалаңаштық жақсы емес қой,
Жалғыздық олардан
да қиынырақ.
Көк шалғын, ағаш,
бұлақ - бәрі жақсы,
Болмайды нақ
адамдай серік бірақ.
Сөйлесіп іштен
шерін тарқата алмай,
Жеке-тақ қапаланды жалғызсырап.
Бір күні келе жатты ағаш жаққа,
Нендей жан кез болар деп таныспаққа.
Орманда Қасқыр,
Аю аң болмаса,
Табылсын онан

Бұлбұл мен есек

      Бір күні Бұлбұл құсты
Есек көрді, 
Қасына сөз
айтпаққа жақын келді:
«Сыртыңнан
сайрағыш деп жұрт мақтайды,
Тыңдайын, достым,
біраз сайра, - деді. -
Кім білсін мұнан былай көрерімді,
Сайра деп тағы
саған келерімді.
Мен тұрмын өзім
естіп сынамаққа,
Мақтаудай бар ма
екен деп өнеріңді».
Есектің сөзін Бұлбұл қабыл алды,
Құлағын салып
Есек тұра қалды.
Дауысын әлденеше
түрлендіріп,

Страницы