ВЕРНУТЬСЯ

Ауру жайынан

    Басқармаға келген
кейбір хаттарда: пәлен адам, пәлен ауру, жақындағы докторлар жаза алмады, тыстағы
докторлардың жақсысын қайдан табуға болады дейді. Ауру адамның түрлі
жерінен жабысады. Олай болған
соң, олардың емі де түрлі
болмақшы. Неше түрлі аурудың
түрінің бәрін тегіс жақсы білетін докторлар сирек болады. Көбі азының емін ғана жақсы біліп,
көбінікін нащар біледі.
  Шет жерлерде, кішкене қалаларда
аурудың әр түрін жақсы

Үлес

    Қосылып, бірнеше
адам ортақтасып, 
Үй салып,
ортасынан дүкен ашып,
Саудасы жұғымды
боп, байып әбден,
Шат болып,
көңілдері судай тасып,
Ақшаны төбедей
ғып үйіп қойып,
Үлесіп отыр еді
шуылдасып.
«Үй жанып
барады!» - деп хабар берді
Жүгіріп келіп
біреу түсі қашып.
«Жүріңдер, - біреуі айтты, - барайық, - деп,
Есепке қайтып келіп
салайық», - деп.
Айтады екіншісі:
«Мың сомым кем,

Жауға түскеннің сөзі

    Жанға көңіл қалып
тұр, 
Жан бұл күйге
салып тұр.
Тәнге көңіл қалып тұр,
Тән шыдамай, арып
тұр.
Жұртқа көңіл
қалып тұр,
Жұрт жалғанға
нанып тұр.
Өтірік өрлеп
күшейіп,
Шын жеңіліп, талып тұр.
Бақ дегенге байлау жоқ,
Уағдадан танып тұр.
Тағдыр шіркін тап беріп,
Тамағымнан алып тұр.
Бәле деген аңдушы
Аяғымнан шалып тұр.
Жала деген төбеті
Балтырымнан қауып тұр.

Түлкі мен қарашекпен

    Түлкіге тамақ
іздеп сапар шеккен 
Жолығып, айтты
бір күн Қарашекпен:
 «Күнің аз тауық жемей жай жүретін,
Ұрлыққа құмар
жансың мұнша неткен?
Сыр ашып
сөйлеселік оңашада,
Ешкім жоқ
екеуімізден басқа шеттен.
Ашиды, рас, жаным, Түлкі, саған,
Ойлама айтады деп мекерлікпен.
Жақсылық
тырнағыңдай бар ма, сірә,
Ойласаң,
кәсібіңде осы еткен?
Ұрлықтың кінә, ұяты
өз алдына,
Жүргенің қарғыс,

Ахмет Байтұрсынұлы

     Ахмет Байтұрсынұлының
ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі,
тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы - баршасы осы ұлы
миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет
етуге арналған.
 
                                                                                                   
Рымғали НҰРҒАЛИЕВ

Страницы