ВЕРНУТЬСЯ

Шал мен ажал

    Орманнан бір шал
қайтты отын алып, 
Бүкшеңдеп, көтере
алмай, өліп-талып.
Отынын жерге
қойып, біразырақ
Қисайып жатты
байғұс ойға қалып:
«Мен сорлы өрі кәрі, әрі жарлы,
Асырау оңай емес
үйлі жанды.
Қартайдым,
жалданарға қайратым жоқ,
Бермеді тұтынарлық
Құдай малды.
Бұл маған не қылғаның, Жаратқаным,
Бір шалға үйлі
жанды қаратқаның?
Төлермін салық
ақша қайдан тауып,
Қажетім бірін сай

Замандастарыма

    Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, 
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым.
Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,
Күн қайда үздік шығар топты жарып.
Ат турмас аяғында
желі болса,
Дүсірлеп
шапса біреу қиқу салып.
Бар болса сондай жүйрік, қызар деймін,
Естілсе құлағына дүбір барып.
Әйтпесе арық шауып өндіре ме,
Жүргенде
қамыт басып, қажып-талып.

Жұбату

    Әлди, әлди, ақ
бөпем, 
Ақ бесікке жат,
бөпем.
Жылама, бөпем,
жылама,
Жілік шағып
берейін.
 
Байқұтанның құйрығын 
Жіпке тағып
берейін.

Қайыршы мен Қыдыр

    Қайыршы киімі
жыртық, жалаң аяқ, 
Мойнында ескі
дорба, қолда таяқ,
Қалада қайыр
сұрап жүруші еді,
Күн көріп
бергенімен әркім аяп.
Үйіне бай-мырзаның келген шақта,
Қазына салтанатын
көрген шақта,
 Ойлайтын: «Мұнан артық не керек, - деп, -
Осындай Құдай
бәрін берген шақта?!
Отырып алтын,
күміс ортасында,
Тоймайтын несі, -
дейтін, - мал мен баққа?!»
Бір күні шаршаған
соң демін алып,

Страницы