ВЕРНУТЬСЯ

Ат

    Сен неге, тұлпар атым, кісінейсің? 
Жабығып неден
көңілің, түсті еңсең?
Ерігіп, ауыздығың
қарш-қарш шайнап,
Бұ қалай,бұрынғыдай
сілкінбейсің?
Әлде мен бабың тауып бақпадым ба?
Болмаса жемнен қысып, сақтадым ба?
Әйтпесе,
әбзелдерің сәнді емес пе?
Жібектен тізгініңді тақпадым ба?
Малдырып саф
алтынға үзеңгіңді,
Тағаңды шын күмістен
қақпадым ба?
Жауабы иесіне берген аттың:
«Сұрайсың

Оқыту жайынан

    Таһир Жомратбаев сұрайды: «Әуелі, қазақша
оқытуға керек кітаптар даяр ма? Даяр болмаса, ноғайша кітаптарды аламыз
ба? Олардың қайсысы жақсы?» - деп. «Екінші, ноғайлардың тәртіпті мектептерінде
тұтынып жүрген программаларын сол күйінде аламыз ба? Яки қазаққа лайықтап,
ыңғайлаймыз ба?» - деп.Бұл күнде қазақша оқуда кемшілік көп. Әуелі, оқу құралы кітаптар жоқ. Ноғайша оқу құралдары қазаққа үйлеспейді.
Екінші, қазақ мектебіне түзелген программа жоқ, онсыз оқу бір жөннен шықпайды.

Қазақ қалпы

     Қаз едік қатар
ұшып қаңқылдаған, 
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан
шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде
шарпылмаған?!
Алаштың адамының бәрі мәлім:
Кім қалды таразыға тартылмаған?
Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,
Жақсылық өз басынан артылмаған.
Тақылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.
Бос белбеу, босаң
туған бозбала кеп
Киіздей шала
басып, қарпылмаған.

Қара бұлт

    Даланың күнге
күйіп, аптап өткен үстінен 
Бұлт шықты қаптап
көктен.
Қуанды шаруалар
«я, Құдайлап!»,
Жерді бір суарар
деп қурап кеткен.
Жауар деп тұрды
халық үміт етіп,
Тамбастан өте
шықты құр желдетіп.
Теңізге барды да бұлт
құя салды,
Далаға қурап тұрған
жаумай кетіп.
Теңізге
пәрменінше құя салып,
Мақтанды мырзасынып
тауға барып.
Тау айтты: «Сен
мақтанып келіп тұрсың,

Қарға мен түлкі

    Бір түйір
ірімшікті тауып алып, 
Ағашқа Қарға
қонды ұшып барып.
Тоқ санап
ірімшікті көңіліне,
Жей қоймай, отыр
еді ойға қалып.
Қашаннан белгілі
аңқау ала Қарға,
Нәсіпке бұйырмаған
шара бар ма?
Шығатын шығасыға
болып себеп,
Ағашты Түлкі
залым аралар ма!
Тістеген ірімшігін Түлкі көріп,
Аяғын ептеп басып
жақын келіп:
«Уһ! - деді, -
көретін де күн бар екен,
Жүруші ем сырттан

Страницы