ВЕРНУТЬСЯ

Емен мен қамыс

     Бір көлдің Емен
айтты Қамысына, 
Сыбайлас көптен
бергі танысына:
 «Жаратқан мені Құдай сонша артық,
Мықты деп, жер
жарылад дабысыма.
Жалғыз-ақ тең көремін Кафтың тауын,
Дүниеде менің
қорқар бар ма жауым?!
Қасқайып
иілмеймін, бүгілмеймін,
Соқса да қандай
қатты құйын, дауыл.
Қорғаймын өзім
түгіл, аймағымды,
Болса да қандай
аптап, қандай жауын.
Мың сан құс келіп
қонсын бұтағыма,
Зәредей

Губернатор өзгерілуі

    Семей губернаторы Тройницкий Тулаға
губернатор болып, оның орнына Тверь вице-губернаторы Чернетцов деген келмекші.
Тройницкий қазақтың қазақ екендігін ұмыттырмай, есіне түсіріп отыратын губернатор еді. С. синод пен жер жұмысының
бас мекемесі қазақ пен орысты ауыл үй қондырып, жақындастырып, дінін, атын жоғалтып,
орыс қылып, «сен - қазақ, біз - орыс» деген сөздер болмас қамын жегенде,
губернатор Тройницкий: «Сен - қазақ, біз - орыс, оны ұмытпа», - деп, қазақтар-дың есіне салып
отыратын еді.

Анама хат

    Қарағым, дұғагөйім,
қамқор анам!
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.
Сені онда, мені
мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді
Хақ тағалам!
Бара алмай, өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң.
Мал ұрлап, кісі
өлтірген айыбы жоқ,
Өкімет, өр
зорлыққа не бар шараң!
«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар,
Жолдар көп жәннатқа да тарам-тарам.
Оқ тиіп он
үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген

Ала қойлар

    Айырсын аңдар
қайдан қара, ақты, 
Кімі ақ, кімі
қара - таба алмапты.
Жоспарлап
білмегенді білдіруге,
Сөз қылып
данышпандар мысалдапты.
Мысал бұл: ала түсті кей қойларды
Арыстан - аң патшасы жақтырмапты.
«Бұлардың түсі
бөтен, көңілі ала», - деп,
Не шара, сүймеген
соң, кінә тақты.
Ол рас, кей қойлардың ала түсі,
Кім білсін, сырты
менен бірдей ме іші?
Әйтеуір бір
сенбестік ой кірген соң,

Алаштың ардақтысы

    ... Ақаңның майданға алғаш жыры шығып, әдебиет, саясат жолында жол
бастаған кундері бәріміздің
де есімізде. Кешегі күні
оқушы болып, соның тәрбиесінде жүрген
күндерімізді көз алдымызга елестетеді. Ақаңның қазақ
оқушысының ойы мен пікірін тәрбиелеген заманынан бір ай ұзағамыз жоқ. Кешегі күндерге
шейін бәріміз де жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған
өсиеті, үлгісі әлі есімізден
кеткен жоқ. Патша заманындағы
үкіметтік әр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға
сіңірген пікірі әлі күнге

Страницы