ВЕРНУТЬСЯ

Ахмет Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі...

   Ахмет Байтұрсынұлы
қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан, өз заманында
патша арам қулықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың
намысын жыртып, дауысын шығарган кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде,
қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың
арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір
оқығандары губернатор, соттарға күшін сатып тілмаш болып, кейбір оқығандары

Қайырымды түлкі

    Бір мерген бозша
құсты атып алды, 
(Қоймады
өлтіріп-ақ жалғыз жанды).
Басында бір
ағаштың үш баласы
Шырылдап ұясында
жетім қалды.
Ана жоқ таситұғын
тағам-жемді,
Күн көрер бишаралар қайтіп енді?
Шулаған
балапандар даусын естіп,
Сөз сөйлеп
осылайша Түлкі келді:
«Алда сорлы, бейшара балалар-ай,
Жасынан өлген екен аналары-ай.
Көбелек, шыбын
аулап күн көретін
Жоқ екен
пақырлардың шамалары-ай.

Аққу, шортан һәм шаян

    Жүк алды Шаян,
Шортан, Аққу бір күн, 
Жегіліп, тартты
үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу
көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға
қарай Шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп
мәз болмады.
Тартса да бар
күштерін аямай-ақ,
Аслан жүк орнынан
қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан
«пәлен» деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі
күнге орнында тұр,

Бақ

    Бұлттар басып
жасырған, 
Жана түсіп
басылған,
Таң шапағы сөніп
тұр.
Жаңаланған
өмірден,
Жаңа шығып
көрінген
Гүл қамауда семіп тұр.
Балалықтан басталып,
(Тастаймын аз жасты алып,
Есіме нағыз енгенше)
Көрдім қызық, көрмедім?
Көрсем, баға бермедім
Бозбала жас келгенше.
Құстай түлкі
алатын,
Жайып алтын
қанатын,
Уылжыған от лепті
Жігіттік жас

Білім жарысы хақында

   Әлмен Әзірмәмбетұлы жазады: «Қазақтың» 16-шы
нөмірінде білім жарысы оқылды, оқылса да, байлардың көңіліне тоқылған жоқ. Сөз
дұрыс, түсінуші кем. Біздің байлар ақшаны болыстыққа шашады, әкесі өлсе,
атаусыз қалады деп, ат шаптырып, ас береді. Бұларға шыққан мал орынсыз далаға
шашылғанмен тең. Баяғыдан байларымыз малын жау мен жұтқа, дау мен партияға
уыстап шашса да, халық пайдасы, ғылым талабы деген жолға өте сараң,
мырзалықтары өз бастарынан артылмайды. 22-ші нөмір «Қазақта» ақсақал Ахмет ишан

Страницы