ВЕРНУТЬСЯ

   Ахмет Байтұрсынұлы
қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан, өз заманында
патша арам қулықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың
намысын жыртып, дауысын шығарган кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде,
қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың
арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір
оқығандары губернатор, соттарға күшін сатып тілмаш болып, кейбір оқығандары
арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай,
қызметтерін қылды...
   Қалай болса да, жазушысы азғана, әдебиеті
нашар қазақ жарлыларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай...
        
                                                                                            
Сәкен СЕЙФУЛЛИН 1923 ж.