ВЕРНУТЬСЯ

    Жүк алды Шаян,
Шортан, Аққу бір күн, 
Жегіліп, тартты
үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу
көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға
қарай Шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп
мәз болмады.
Тартса да бар
күштерін аямай-ақ,
Аслан жүк орнынан
қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан
«пәлен» деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі
күнге орнында тұр,
Бырыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
                      * * *
   Жігіттер, мұнан
ғибрат алмай болмас, 
Әуелі бірлік
керек, болсаң жолдас.
Біріңнің
айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген
ынтымақсыз ісің оңбас.