ВЕРНУТЬСЯ

Қасқыр мен тырна

     Бір Қасқыр сапар
шекті елден жырақ, 
Неше күн таппай
азық, қалды жарап.
Жемтіктің жақын
жерде иісін сезіп,
Қасекең келе
жатыр соған қарап.
Қасқырдың кім білмейді қомағайын,
Көңілден, жемтік
көріп, кетті уайым.
Келді де бір
сүйекті салды ауызға
Шетінде бөлегірек
жатқан дайын.
Кемірмей,
қалыбынша жұтып қалды,
Тамақта, жүрмей
сүйек, тұрып қалды.
Қақалып, дем ала
алмай сасқанынан,

Өзен мен Қарасу

    Қарасу Өзенге
айтты: «Ғажап мұның! 
Мезгілің бар ма,
сірә, табар тыным?
Тасисың бірде
кеме, бірде салдар,
Қайықтың есебі
жоқ сансыз мыңын.
Суыңда
күндіз-түні тыныштық жоқ,
Қалайша шаршамайсың, жарықтығым?
Бейнетім менің
егер сендей болса,
Бір күн де төзбес
едім, нақ бұл шыным.
Байқасам салыстырып саған қарап,
Рақат, ұжмақ
менің көрген күнім.
Ол рас, сендей атақ-дабысым жоқ,

Кісі мен көлеңке

    Айтайын бір
тентектің әңгімесін, 
Демендер:
«Сөз ғып жазған
мұның несін?»
Есі ауыс көре
салып, қуалады
Өзінің ұстаймын
деп көлеңкесін.
Бұл қуса, көлеңкесі алыстады,
Жүгірсе, жүйріктігі қалыспады.
Қатты да, жай да қуды - ұстатпады,
Болғанша бар өнерін қарыштады.
Тентектің бір мезгілде кірді есі:
«Әуре боп қуып,
маған қажет несі?»
 Осылай ойлап, қайта жүріп еді,
Артынан қуды енді көлеңкесі.

Тілек батам

    Я, Құдайым аққа
жақ, 
Өзіңе аян: мен
нақақ.
Аққа деген
жолымның
Абыройын ашпай,
жап.
Аят пенен хадисте
Адал ниет, ақ іске,
Жаңылмасам, жоқ еді
Жаза тартсын деген бап.
Мені ұстатып,
айдатып,
Зағырданды
қайнатып,
Масайрасып, мәз
болып,
Қуанғанды өзің
тап!
Аз күндікке
алданып,
Аз нәрсеге
жалданып,
Адасқанын Алаштың

Сары шымшық

    Мақтанып сары
Шымшық шалқып-тасты, 
«Теңізді
өртеймін!» деп лақап шашты.
У-шу боп, бұл
хабарды естіген соң,
Теңізді тастап,
құстар үркіп қашты.
Таң қалып, «тамашаны көреміз» деп,
Алыстан андар келді әдейі іздеп.
Адам да түс-тұс
жақтан келе жатыр
Лек-лек боп,
топ-тобымен мыңдап, жүздеп.
Есепсіз теңізге көп халық келді,
Шымшық «теңіз
өртейд!» деп нанып келді.
Балық жеп, сорпа
ішіп тойынбаққа,

Страницы