ВЕРНУТЬСЯ

    Айтайын бір
тентектің әңгімесін, 
Демендер:
«Сөз ғып жазған
мұның несін?»
Есі ауыс көре
салып, қуалады
Өзінің ұстаймын
деп көлеңкесін.
Бұл қуса, көлеңкесі алыстады,
Жүгірсе, жүйріктігі қалыспады.
Қатты да, жай да қуды - ұстатпады,
Болғанша бар өнерін қарыштады.
Тентектің бір мезгілде кірді есі:
«Әуре боп қуып,
маған қажет несі?»
 Осылай ойлап, қайта жүріп еді,
Артынан қуды енді көлеңкесі.
 
        * * *
Кейбіреу Қыдыр дарып, қараса бақ,
Бейне бір осы
айтылған көлеңке нақ.
Қайрылмай,
қарағанда, бақ-дәулетке,
Артынан қуалайды
қайтарып ап.