ВЕРНУТЬСЯ

Адамдық диқаншысы

    Адамдық диқаншысы
қырға шықтым, 
Көлі жоқ, көгалы
жоқ құрға шықтым.
Тұқымын
адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге
құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға
құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Жаратқан малды Құдай не керекке-
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт
киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың
деп үндемекке.

Шаруа жайынан

    Қазақ жеріндегі шаруашылық - мал багу мен
егін егу. Мал бағу қазақтың көптен істеп келе жатқан ісі, ата кәсіп. Мал бағу жайын ешкімнен үйренбей-ақ, өзіміз де
білеміз. Қазақ мал бағу жайын
білмейді деп біз де айтпаймыз.
Бірақ білім дәрежесі неше қабат. Қазақтың мал ұстау турасындағы білімі ең төмен қабатында.
Қазақтың бұл білімі   өмірдің молшылығында ғана білім болып жүр. Қазақ егін егуге кіріскелі де біраз жыл
болды. Егін турасындағы білімді де қазақтар біліп болдық деп жүр. Егін жайында ешкімнен үйрене қоятын
емес.

Сөз иесінен

    Ызыңдап ұшқан
мынау біздің маса, 
Сап-сары, аяқтары ұзын маса:
Өзіне біткен түсі
өзгерілмес,
Дегенмен қара,
яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның
айнала ұшып,
Қаққы жеп,
қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысын аз да
болса бөлмес пе екен,
Қоймастан
құлағына ызыңдаса?!

Шал мен жұмыскер

    Шал қайтты
малайымен пішен шауып, 
Бәлені сезе ме
адам тұрған бағып.
Орманмен кешкітұрым
келе жатты,
Баратын елге тура
бір жол тауып.
Тап берді қарсы алдынан аю шығып,
Болмады айла етерге о ғып, бұғып.
Үстіне Шалдың аю
қонып қалды,
Сорлыны ә дегенше
жерге жығып.
Жұмарлап,
басып-жаншып аю шалды,
Жемекке енді бастап ыңғайланды.
«Бауырым,
Пәленшежан, айыршы-ай», - деп,
Малайға Шал жалынып,

Ат пен есек

    Біреудің Есегі
мен бар еді 
Аты, Апарар бір
қалаға болды заты.
Аты мен Есегіне
артып алып,
Аяңдап жолға
түсіп келе жатты.
Жүк ауыр, Есек сасып, алақтады,
Иесі демалуға қаратпады.
Әл кетіп,
жығыларға таяғанда,
Жалынып Атқа Есек
сөз айтады:
«Ат достым, жүгім ауыр, халім бітті,
Емеспін жүре
алатын енді тіпті.
Зорығып, жолда
өліп қалатынмын,
Алмасаң ауыстырып
біраз жүкті».

Страницы