ВЕРНУТЬСЯ

Қаздар

    Бір ұзын алып
қолға мықты шыбық, 
Қаздарын қалаға
айдап шықты мұжық.
Қуалап байғұстарды
келеді ұрып,
Асығып базар күнге
жаны шығып.
Тексерген мұжық
ісін байқап, ойлап,
Оған да дұрыс
емес кінә қоймақ.
Асықты базар
күнге, пайда көп деп,
Қаздарды ұрды ма
ол босқа ойнап?
Десеңдер
олсыз базар тарамайды...
Дер едім мұжық
ісі жарамайды.
Пайдасы, базар өтіп,
кетер жерде,

Екі бөшке

     Көшеде екі Бөшке
келе жатты, 
Бірі бос,
екеуінің бірі зат-ты.
Ішінде заты бары
жай аяңдап,
Салдырлап келе
жатыр босы қатты.
Адамдар даусын естіп қорқып-сасып,
Ығысып,
алыстан-ақ жолын ашып,
Жүгіріп
шапшаңырақ бара жатыр
Көшенің ортасынан
шетке қашып.
Құр Бөшке жұртты
үркітіп салдырлады,
Көшеде қарамаған
жан қалмады.
Бұйымы көп,
дыбысы жоқ екіншісін
Ілтипат етіп ешкім аңғармады.

Екі шыбын

    Бір Өгіз күні
бойы тартып сабан, 
Қайтты елге
сабанымен кешке таман.
Мүйізінде Қара шыбын
отыр еді,
Кез болды бір
танысы жолда оған.
Танысы мұны көріп
келе жатқан,
Астында Өгізі бар сабан тартқан.
«Көзіме күні бойы
көрінбеп ең,
Келесің, сөйле, -
дейді, - сен қай жақтан?»
Сонда бұл мұрнын
көкке көтереді,
Адамсып,
маңызданып, жөтеледі:
«Жер жыртып күні
бойын, шаршап келем,

Орынбор. 13-ші октябрь

   Қазақ турасындағы
закондарды өзгертуге ішкі істер министрі Г. Думаға закон проектерін (жобаларын)
кіргізді деген хабар естіліп тұр. Ішкі ордалық туралы өзгеріліс бо-латын
кешесін газеталардан көрінген күйінше төменде жазып отырмыз. Қазақтың басқа
облыстары туралы қандай өзгеріліс болуынан қазір де ашылған хабар жоқ. Бірақ
4-ші Думадан қазақ туралы закон шыға қалса, жағымы қандай болуын күн бұрын
айтуға сәуегейлік онша керек емес. Бұл Думаға кіретін проекттер - қазақ
облыстарында қызмет етіп тұрған

Малшы мен маса

    Бір Малшы
көлеңкеге келіп жатып, 
Қасқырдан
иттеріне сеніп жатып,
Үстінде көк
шалғынның,
самал жерде  тырайып қалды
сабаз ұйықтап
қатып.
Келеді қара жылан шағайын деп,
Қапысын ұйықтағанда табайын деп.
Малшыны сол
уақытта Маса шақты,
Оятып, бұл
бәледен қағайын деп.
Ұйқысын Малшы оңды ашпай тұрып,
Өлтірді шағып тұрған
Масаны ұрып.
Көтеріп
жерден басын біраздан соң,
Қарады

Страницы