ВЕРНУТЬСЯ

Айна мен маймыл

    Айнаның қарсы
алдына Маймыл барып, 
Айнада өз суретін
көре салып,
Аюға жанындағы
күліп айтты,
Ақырын аяғымен
түртіп қалып:
«Бері қара!
Бұ кім өзі мынау
перің?
Білмеймін қайдан
шыққан мұндай көрім?
Он екі мүшесінің
бірі оңды емес,
Көз салып қарап
тұрсам әрбір жерін.
Мен бұған
титтей ғана ұқсас болсам,
Ішіме пышақ салып өлер едім.
Ол рас бесеу-алтау
бар екені

Егіннің бастары

    Бір адам жас
баласын жанына алды, 
Екеуі сайран етіп
кетіп қалды.
Қыдырып
әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен
жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп
болған егін түрлі.
Бастарын дәнге
толған төмен салып,
Бидайлар бейне
тағзым етіп тұрды.
Жалғыз-ақ бір
бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз
өзін көпке балап.
Баланың сол
бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті

Бастауыш мектеп

   Қазақ бастауыш мектебі қандай боларға керек?
Бұл туралы ашылып пікір айтылған жоқ. Петербургта болатын мұсылман кеңесінде мектеп мәселелері
қаралмақшы, оған қазақтан баратын адамдар қазаққа қандай мектеп керек екендігін
біліп барарға тиіс. Сондықтан «Қазақ» өз пікірін айтып, жұрт құлағына салмақшы.Осы кезде қазақ балалары
оқуды екі түрлі бастап жүр. Біреулері оқуды ауылдағы мектептен бастайды,
екіншілері ел ішіндегі орыс школасынан бастайды. Солай болған соң, қазақтың

Достыма хат

    Қырағы, қия
жазбас сұңқарым-ай! 
Қажымас қашық
жолға тұлпарым-ай!
Үйілген өлексені
өрге сүйреп,
Шығармақ қыр
басына іңкәрің-ай!
Жарқырап
жақсылықтың таңы айтпай тұр,
Түнерген төбемізден
бұлт арылмай.
Көк етті, көн
терілі, көніп қалған,
Сықса да шыдай
беру, жұрт жарылмай.
Кім біліп, ер
еңбегін сезіп жатыр,
Кім шыдап, жолдастыққа төзіп жатыр?
Сасық ми, салқын
жүрек санасыздар

Қасқыр мен мысық

    Орманнан Қасқыр келді
елге қашып, 
Алақтап, не
қыларын білмей сасып.
Соңынан бір топ
аңшы қиқу салып,
Ит қосып келе
жатыр шапқыласып.
Жалынып Қасқыр
сонда Мысыққа айтты,
Шетінде бір
ауылдың ұшырасып:
«Мысықжан! Бұл жердегі жұрттар қандай?
Жау қуып келе
жатыр арттан қалмай.
Ит үрген, қиқу
салған адамдардың
Дауысын естимісің
тартқан керней?
Айта көр,
қайырымды ер бар болса

Страницы