ВЕРНУТЬСЯ

Жас ағаш

    Орманға
балтасымен келді Мұжық, 
Аралап ағаш
таңдап жүрді кезіп.
«Апырмай, аман
қалсақ жарар ед», - деп,
Жанынан көрген
Ағаш тұрды безіп.
Мұжыққа бір жас
Ағаш айтады сөз:
«Құдайдан тілеуші
едім келтір деп кез.
Мың да бір алғыс
саған берер едім,
Осы үлкен
Ағаштардан құтқарсаң тез.
Тынышыма бұлар мені өсірмейді,
Тасалап, күннің көзін түсірмейді.
Осылар тұрғаннан соң, жер тар болып,

Балықшы мен балық

    Теңіздің
жағасында кемпір мен шал, 
Тұрыпты отыз үш
жыл нақ дәлме-дәл.
Күн көрген
бишаралар балық аулап,
Болмапты төрт
түліктен ырымға мал.
Үсті шым, асты шұқыр
жерден жырған
Баспана мекенінің
сиқы тұрған.
Бала жоқ
қолқанаттық екеуінде,
Иіріп кемпір
жібін, шал ау құрған.
Бір күні шал апарып ауын салды,
Балық жоқ, ауға
оралған балдырды алды.
Салғанда және
ауын екінші рет,

Жауап хат

    Құрметті Жанша мырза!
Сіздің де, біздің
де ойлағанымыз қазақтың азып-тозбас қамы. Сіздің де, біздің де ниетіміз қазақ
азып-тозбасына қызмет ету. Тілегіміз қазақ халқы басқа халықтармен қатар жұрт
қалпында ғұмыр шегуге бақаларға теңелсе екен дедім. Сол үшін әркім білгенін,
қолынан келгенін істеп жатыр. Сіз сиез жасаймын деп жатырсыз, біздер «Домо-« рой»...
кәкір-шүкірді қазақшаға аударып, арзан жазып, газета-мазета шығарған болып

Оқуға шақыру

    Балалар! 
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық
мана әлдеқашан,
Қарап тұр
терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс
та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған
жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да
жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да
ұшып балға.
Күн ашық,
тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақұлық
түнде қонған,
Шығады
тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,

Жүргіншілер мен иттер

    Кеш мезгіл келе
жатты екі кісі, 
Сөйлесіп,
кеңесерлік болып ісі.
Арсылдап бір ит
шығып қақпа астынан,
Бөлінді екеуінің әңгімесі.
Жүгірді және бір ит оны көріп,
Артынан тағы ит
шықты оған еріп.
Жиылды сол арада
қырық-елу ит,
Бірінің даусын
естіп бірі келіп.
Біреуі
жүргіншінің сонда тұрып,
Ойлады қуалауға
таспен ұрып.
Жолдасы жанындағы
оған айтты:
«Қарама,
неғыласың мойның бұрып.

Страницы