ВЕРНУТЬСЯ

Өгіз бен бақа

     Бір Өгіз айдын
шалқар көлге келді, 
Жағалап суаты бар жерге келді.
Шілденің сарша тамыз ыстық кезі,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.
Су ішіп, көлдің шықты жағасына,
Мал еді көз тоятын қарасына.
Артықша бір көлбақа күншіл екен
Сол көлдің бақасының арасында.
Өгізді суға тойған Бақа көрді,
Секіріп көршісіне жетіп келді.
«Боламын мен де сонау Өгіздей», - деп,
Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді.
Сұрады

Мектеп керектері

    Өткен нөмірде
қазаққа қандай бастауыш мектептер керегін жазып едік, енді ол мектептерге не
керек - сол жайынан жазбақшымыз.Қазақ балаларын ана тілінде, төте жолмен,
қолайлы құралдармен оқыту жайын жақсы білетін мұғалімдер үш жыл оқытқанда
бірталай білім үйретуге болады. Ана тілінде жазылған кітаптар,
газеталар, журналдар, оғайри ана тіліндегі жазу-сызу бастауыш мектептен шыққандардың
мүлкінде болады, яғни солардың бәрінен де пайдалануға қолынан келетін болады.

Жиған-терген

    Оюын ойып, 
Орындап қойып,
Түр салғандай өрнекке,
Қиыннан қиып,
Қиырдан жиып,
Құрап, сөзді
термекке,
Еңбекке егіз тіл
мен жақ,
Ерінбесең, сөйлеп
бақ!
Именіп көптен,
Сақтық қып еппен,
Тасалама ойыңды!
Ашынса етің,
Ашылмақ бетің,
Тірі көмбей бойыңды,
Жүрегіңнің жарасын
Көрсет жұртқа!
Қарасын.
Оқушым, ұқпай,
Осқырып шықпай,

Қаптесер мен көртышқан

    Қаптесер келіп
айтты Көртышқанға: 
«Бір хабар
шашылып тұр жер-жаһанға.
Күн туып біздерге
де көз ашқандай,
Жем бопты Мысық
залым Арыстанға.
Тыныштық бермеуші
еді, Құдай ұрған,
Жазасын тартпасын
ба ол дұшпан да?!».
Көртышқан айтты деңіз сонда не деп:
«Бұл хабар, рас болса, жақсы ғой бек.
Дүниеде болмастай
бір оқиға екен,
Қуанба,
Қаптесерім, сен босқа тек.
Бекер деп, менің
бұған нанбайтыным

Қартайған арыстан

    Қартайып,
Арыстанның әлі кетті, 
Айбыңды жұрт
қорқатын сәні кетті.
Бетіне жан келмейтін
уақыттар
Артына бір
қарамай, бәрі кетті.
Аяқта дәрмен қалды жүрерлік-ақ,
Тым қарттық жас
емес қой көрерлік-ақ.
Тіс түсіп, тырнақ
мұқап, қайрат кетіп,
Жайы бар тыныш
жатып өлерлік-ақ.
Тынышына қоймады оны өзге аңдар,
Бата алмай, «сені ме?» деп жүрген жандар.
Анау да, мынау да өшін алып жатыр

Страницы